БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН СЕМИНАР ӨТТІ
2022 жылдың 31 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Білім беру қызметінің өзін-өзі бағалауы – білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету факторы» атты облыстық семинар өтті. Семинарға білім басқармасының басшысы Б.Т. Жамангозов, басшының орынбасары А.О. Досыбаева, білім беру ұйымдарының басшылары, барлығы 316 адам қатысты.
Іс-шарада спикерлер – GL talimger білім беру консалтингінің CEO, әлеуметтік ғылымдар магистрі (Ex. MA), IVLP «Digital Education in the United States» бағдарламасының қатысушысы Л.К.Булебаева және GL talimger білім беру консалтингінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының магистрі, 2012 жылдан бастап білім беру сапасын бағалаудың Еуразиялық қауымдастығының мүшесі, «Қазақ білім беру сарапшыларының лигасы» ҚҚ құрылтайшысы әдіскерлерге, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің басшыларына менторлық қолдау және консалтинг көрсетуші Г.К. Кусидинова мазмұнды баяндама жасады.
Семинар жұмысына қатысушы мектеп басшыларына білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуде білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету, бағалау өлшемшарттары, білім беру қызметінің өзін-өзі бағалауы, оқыту нәтижелеріне бағытталған білім беру мазмұны, білім алушылардың дайындық деңгейі, оқыту нәтижесін бағалау, МЖМБС талаптарына сәйкес оқу пәндері бойынша ҮОЖ сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру, мектептердің өзін-өзі бағалауды өткізудің алгоритмі тақырыптары туралы айтылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.