Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

2022 жылдың 3 қараша күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтардың озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында «Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары мен әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық шеберлік сынып (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 100 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Жуалы ауданы, №29 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мориеваның «Мектеппен отбасы ынтымақтастығын құндылықтар арқылы нығайту», №2 Мынбұлақ орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Муратаеваның «Тұлға қалыптастыруда мектеп құндылықтары негізінде тәрбие процесін іске асыру жолдары», №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Қырғызбаеваның «Жас ұрпақты құндылықтар арқылы тәрбиелеу» тақырыптарында шеберлік сыныптар көрсетіліп және озық іс-тәжірибелерімен ой бөлісті, қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша әдістемелік көмектер алды.

                 «Математикалық лига» I облыстық олимпиадасы өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 4 қараша күні математика пәнінің мұғалімдерінің арасында I облыстық «Математикалық лига» олимпиадасы өткізілді.
Педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыру, озық тәжірибені анықтау мақсатында өткізілген І облыстық математика пәні мұғалімдерінің олимпиадасына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің білім мекемелері мен облысқа қарасты білім мекемелерінен І кезеңінің жеңімпаздарынан құралған 13 топ (52 математика пәні мұғалімдері) қатысты.
Олимпиада 4 кезеңмен өткізілді. Әр кезеңде 3 есептен (алгебралық, геометриялық, логикалық),жалпы 12 есеп берілді. Тапсырмаларда планиметрия, комбинаторика, алгебра, және логикалық есептер қамтылды. Олимпиаданың нәтижесі бойынша топ және педагогтар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
I орынды Тараз қаласының тобы, II орынды Тараз қаласының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелер тобы, III орынды Байзақ ауданы, Т.Рысқұлов ауданы, Сарысу ауданының топтары иеленіп, жеңімпаз атанды.
Педагогтарды жеңісімен құттықтаймыз!

              Мектепке дейінгі ұйымдардағы апробация

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ағымдағы жылдың 4 қараша күні «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог», «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары» пилоттық жобалары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау өлшемшарттарын апробациядан өткізу бойынша Жамбыл ауданы, «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының іс- тәжірибесіне бақылау жүргізді.
Пилоттық жобаның, апробацияның мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибесіне мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озат тәжірибені тарату және енгізу, педагогтардың жүктемесін азайту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру.
Апробацияны бақылау барысында педагогтерге әдістемелік көмек көрсетілді.

«Тарих пәні сабақтарында оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту»тақырыбында республикалық семинар-тренинг өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 4 қарашасында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында «Тарих пәні сабақтарында оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған республикалық семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мектептегі тарих пәні сабақтарында оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін талқылау және білім алушылардың тарихи білімін дамыту жолдарын айқындау, осы мәселелерді шешуге жоғары білікті педагогтерді тарту.
Семинар-тренингке республика өңірлерінен келген тарих пәнінің мұғалімдері, барлығы 40-қа жуық педагог қызметкер қатысты.
Іс-шара барысында тарих пәні сабақтарында оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін пайдалану, педагог-шеберлердің диалог алаңын құру, пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мәселелері сөз етілді. Қазіргі кездегі инновациялық технологиялар, үлгілі авторлық бағдарламалар, озық тәжірибелер талқыланып, өзара тәжірибе алмасты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 2 қараша күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі және зорлық – зомбылықтың алдын алу профилактикасы» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтардың озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 87 педагог қатысты.
Іс-шара мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Меркі ауданының педагог-психологтары Назаралиева Айгерім Талғатқызы, Исаева Набира Зинаддинқызы, Тотаева Лаура Керімқұлқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті.