«ҮЗДІК ЖЫЛ ПСИХОЛОГІ» облыстық байқауы өтті
2024 жылдың 13 ақпанында оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының 2024 жылғы 19 қаңтардағы №44/15-11-07 хатына сәйкес «Үздік жыл психологі» тақырыбында облыстық байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты - білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, өзінің кәсіптік біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру.
Байқаудың республикалық ережесіне сәйкес қатысушылар еңбек өтілі жағынан 3 жыл, 5-7 жыл, 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 3 категория бойынша іріктелді. Облыс бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен 34 педагог-психолог қатысты.
Нәтижесінде 10 педагог-психолог жүлделі орындарға ие болды.
І орынды Тараз қаласы, №41 гимназияның педагог-психологі А.Карикова, Тараз қаласы, №18 орта мектебінің педагог-психологі М.Суворова, Меркі ауданы, №44 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологі А.Сейтжапарова;
ІІ орынды - Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің педагог-психологі Ж.Шерметова, Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологі Н.Исаева, Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназияның педагог-психологі Г.Боранбаева;
ІІІ орынды - Тараз қаласы, №28 орта мектебінің педагог-психологі М.Хампиева, №6 орта мектебінің педагог-психологі Ж.Сейтқазиева, Байзақ ауданы, №4 мектеп-лицейінің педагог-психологі Х.Жоланова, Меркі ауданы, Б.Жылгелдин атындағы №30 жалпы білім беретін орта мектебінің педагог-психологі Г.Ниеталиева иеленді.