Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

2024 жылдың 8-9 ақпан күндері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының ұсынымы негізінде Қордай, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының білім беру ұйымдарының басшыларымен даму бағдарламасын жоспарлау бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, барлығы 130 адам қатысты.
Кеңес барысында мектептің даму бағдарламасының Қазақстан Республикасы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының №273 бұйрығына сай әзірленуі, бағдарламаны әзірлеу кезінде ұжымның қатысуы, қабылдаған мақсаттардың қолжетімді болуы, күтілетін нәтижеге сәйкестігі, ұсынылған даму перспективаларының индикаторларының өлшемді болуы, ағымдағы қызметтің жағдайын талдаудың ғылыми негізделуі, білім беру процесінің мазмұнына қанағаттану дәрежесін зерделеуге байланысты сауалнаманың болуы, бағдарламаның нысаналы индикаторлары №273 бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес толтырылуы қаралып, ұсыныстар берілді.

«СабақTime» жобасы аясында «Пути и методы повышения качества знаний на уроках русского языка и литературы» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 9 ақпан күні «СабақTime» жобасы аясында «Пути и методы повышения качества знаний на уроках русского языка и литературы» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті.
Іс-шараның теориялық бөлімінде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында білім сапасын арттырудың жолдары мен әдістері, заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі талқыланды. Практикалық бөлімінде Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі аудандарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Тараз қаласы, И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының базасында 8-11 сынып оқушыларымен «Берегите воду!» (8 сынып), «Вода: ты сама жизнь. Односоставные предложения. Определенно-личные» (8 сынып), «Публицистический стиль» (9 сынып), «Ум как нравственная категория в комедии А.С.Грибоедова «Горе от ума». Смысл заглавия комедии» (9 сынып), «В.М.Гаршин. Рассказ «Художники»» (10 сынып), «У войны неженское лицо» по повести Б.Васильева «А зори здесь тихие» (11 сынып) тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқытудың тиімді әдістері бойынша тәжірибе алмасты.
Облыстық ашық сабақтар цикліне 40 педагог қатысты.

«СабақTime» жобасы аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақтар циклы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 8 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі педагогтері Тараз қаласы Ә.Бөкейханұлы атындағы №1 гимназиясының 8-10 сыныптарында ашық сабақтар өткізді.
Іс-шараның теориялық бөлімінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын айқындау мәселелері талқыланды. Заманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары сөз етілді.
Академиялық жыл аяқталған кезде оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысандағы нақты оқу мақсаттары талданып, әдістемелік ұсынымдар берілді.
Іс-шара барысында педагогтер ашық сабақ үлгілерін көрсетіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тиімді пайдалану жолдарын таныстырып, пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтер, Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Инкарбаева 8 сыныпқа «Мен елімнің ертеңімін», Байзақ ауданы, Бурыл орта мектебінің мұғалімі А.Ашенова 9 сыныпқа «Қазақстан – 2050» стратегиясы, Шу ауданы, Әл-Фараби атындағы орта мектебінің мұғалімі Б.Тастанбекова 8 сыныпқа Ы.Алтынсарин «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі, Меркі ауданы, Иван Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Жанибекова мен Жамбыл ауданы, Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Д.Қайтанова 8 сыныпқа «Ұрпақ тәрбиесі-ұлағатты іс» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Облыстық ашық сабақтар цикліне 51 педагог, 105 оқушы қатысты.

Облыстық дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 8 ақпан күні «Асыл Мирас» аутизм орталығының базасында мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы мамандары үшін «Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалардың проблемалық мінез-құлқын түзету, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімделу үшін қолданбалы мінез-құлық талдауы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға 43 маман қатысты.
Дөңгелек үстел барысында аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды ADOS-2 тексеру құралының диагностикалық тексеру модульдері, бұзылыстың дәрежесі бойынша балалардың шартты санатын белгілеу, дамуындағы жақын аймағын анықтау, балалардағы әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру, түзете-дамыту процесіне қатысуға дайындығы және сәйкес келетін деңгейлеріндегі психофизикалық мүмкіндіктерді дамыту, ерте жастан қолдау бағдарламаларының мақсат-міндеттері, нәтижелері таныстырылды. Аутистік спектрі бұзылған балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту және оқу дағдыларын меңгерудегі тиімді әдістер туралы мағлұмат беріліп ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

"Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары"
тақырыбында облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 2 ақпан күні құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында "Білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие жұмыстарын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың бағыттары" тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына онлайн семинар өткізілді. Іс-шараға 252 педагог қатысты.
Семинар барысында Жамбыл ауданы, Т.Тоқтаров атындағы, Б.Бесбаев атындағы мектеп гимназияның, № 3 орта мектебінің директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары "Құқықтық – сауатты мектеп", "Білім алушылар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі","Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ", "Отбасындағы - құқықтық мәдениеттің маңызы" тақырыптарындағы жүргізілген жұмыстарының тиімді тұстарын көрсете отырып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениет және оның маңыздылығы, құқықтық тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.