МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕР СЫНЫП ӨТТІ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 ақпан күні мектепалды сынып педагогтеріне арналған «Заттық-кеңістіктік дамытушы білім беру ортасы-тұлғаны қалыптастыру кепілі» тақырыбында облыстық шебер сынып өтті.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепалды сынып педагогтері, барлығы 100 педагог қатысты.
Іс-шара барысында балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларының ерекшеліктері туралы және ойынның бала өміріндегі маңыздылығы жайлы толық мағлұмат алып, 1 наурыз - Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 22 Наурыз мейрамдарын атап өту үшін әдістемелік ұсынымдар таныстырлып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.