Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Мектеп кітапханасында оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 23 ақпан күні білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлеріне арналған «Мектеп кітапханасында оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Аталған ісшара мектеп кітапханасында оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері бойынша кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлеріне дауыстап оқу, әдебиеттерді өз бетінше таңдауға ынталандыру, интерактивті технологияларды пайдалану және әдеби іс-шараларды өткізу көркем әдебиеттерді насихаттау мен кітапхана жұмысында оқу сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері бойынша ақпараттық әдістемелік көмектер көрсетіліп, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.
Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 141 кітапхана қызметкерлері қатысты.

"Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие берудегі мектеп мен ата-аналар ықпалдастығын арттырудың жолдары" тақырыбында облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22 ақпан күні құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында "Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие берудегі мектеп мен ата-аналар ықпалдастығын арттырудың жолдары" тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері мен құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына онлайн семинар өткізілді. Іс-шараға 154 педагог қатысты.
Семинар барысында Меркі ауданы М.Әуезов, №33, №28, №34 жалпы орта білім беретін мектебінің директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтары «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы», «Интернеттің зияны мен пайдасы», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Құқықтық тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары» тақырыптарындағы жүргізілген жұмыстарының тиімді тұстарын көрсете отырып іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.

Тараз қаласындағы эксперименталдық алаңдардың жұмыс барысы туралы семинар-кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 21 ақпан күні "Тараз қаласындағы эксперименталдық алаңдардың жұмыс барысы"тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға облыстағы эксперименттік алаң басшылары, эксперимент жұмысына жауапты педагогтер мен ғылыми жетекшілері, барлығы 51 қызметкер қатысты.
Семинар барысындаТараз қаласы, №5 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы директорының орынбасары Наурызбаева Айнұр Серікбекқызы «Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары», Тараз қаласы, №8 гимназиясының директоры Әзімбай Әлішер Әзімбайұлы «Қала мектебі жағдайында білім алушылардың жаһандық құзыреттіліктерін қалыптастырудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздері», Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы директорының орынбасары Тұрысбекова Насихат Мамбетбайқызы «Бала тұлғасын дамытуда мектептің білім беру кеңістігін құрастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыптарындағы эксперименттердің тәжірибелік кезеніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық презентациялар жасады.
Семинар-кеңес барысында аталған білім ұйымдарындағы оқу, тәрбие, қосымша білім беру үдерістеріндегі еңгізілген өзгерістер, олардың тиімділігі туралы рефлексия жүргізілді.
Семинар барысында Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың, Төле би атындағы №8 гимназиясындақала мектебі жағдайында білім алушылардың жаһандық құзыреттіліктерін қалыптастырудың және Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясындабала тұлғасын дамытуда мектептің білім беру кеңістігін құрастырудың теориялық модельдері ұсынылып, осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігі талқыланды.
Семинардың рефлексивтік бөлімінде эксперименталдық алаңдардың жұмысын жүйелеу әне жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
Алдағы уақытта облыстағы 9 эксперименталдық алаң жұмыстары ағымды сараптамалық қорытындылары наурыз-сәуір айларында қаралу жоспарлануда. 

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша Тараз қаласы №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында «Қала мектеп жағдайында оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың ұйымдастыру-педагогикалық шарттары», Тараз қаласы, №8 гимназиясында «Қала мектебі жағдайында білім алушылардың жаһандық құзыреттіліктерін қалыптастырудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздері», Тараз қаласы, Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясында «Бала тұлғасын дамытуда мектептің білім беру кеңістігін құрастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері» тақырыптар бойынша жүргізіліп жатқан педагогикалық эксперименттердің жұмыстары өңірлік ғылыми-тәжірибелік семинар, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция форматында жинақталып, трансляциялау туралы шешім қабылданды.

Рекомендации по составлению и оформлению авторских программ» тақырыбында облыстық семинар өтті

2024 жылдың 22 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қаласының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің және «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдеріне арналған «Рекомендации по составлению и оформлению авторских программ» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар барысында педагогтерге авторлық бағдарламаларды әзірлеуге қойылатын талаптар, басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, ресімдеу тәртібі, рецензияны жазуға қойылатын өлшемдер бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 130 педагог қатысты.

«Оқушыларды география пәнінен ҰБТ- ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы география пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сынып өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 21 ақпан күні «Оқушыларды география пәнінен ҰБТ- ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік сынып өтті.
Облыстық іс-шара барысында география пәні мұғалімдеріне ҰБТ -ға дайындаудың жүйелі жұмыс бағыты көрсетілді. Оқушылардың есеп шығарту, картамен жұмысты практикалық іс-әрекеттермен байланыстыру арқылы ҰБТ-ға дайындығының сапасын арттыру жолдары қарастырылды.
Аталған іс-шараға барлығы 183 педагог қатысты.