БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2023 жылдың 15 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «Педагогикалық шеберлік орталығы» Тараз қаласындағы филиалымен бірлесіп, Жетекші мектеп директорлары, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп үйлестірушілеріне арналған «Жетекші мектеп инновациялық жобалар алаңы ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 250 педагог қатысты.
Дөңгелек үстел барысында өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар талқыланып, 2023-2024 оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспары нақтыланды. Облыстың Жетекші мектептеріндегі үздік тәжірибе ұсынылып, жетілдірілетін тұстары, серіктес мектептермен инновациялық жұмыс бағыттары бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді.
Показать перевод

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТТІ
2023 жылдың 13 қыркүйек күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының Әдістемелік кеңесі өтті.
Әдістемелік кеңестің күн тәртібінде жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім сапасын арттыру мен тәрбие мәселелері талқыланды. 2023-2024 оқу жылындағы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері, білім беру процесін ұйымдастыруда мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру жолдары, 2022-2023 оқу жылының нәтижелері бойынша облыс мектептерінің рейтингісінде кризистік деңгейдегі білім мекемелеріне әдістемелік қолдау көрсету шаралары, білім алушылардың білім жетістіктері мониторингі (ББЖМ) қорытындысы бойынша «1000 мектеп» жобасын жүзеге асыру барысы жайлы мәселелер қаралды.
Әдістемелік кеңесте «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асырудың жолдары, облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарына қамтылу жағдайы мен 2024 жылға қажеттілік және авторлық әдістемелік өнімдерді дайындауға қойылатын талаптар талқыланды.

Информатика пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік сессия өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 28 тамыз күні информатика пәні мұғалімдеріне арналған «2023-2024 оқу жылында информатика пәнін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік сессия өтті.
Әдістемелік сессия барысында информатика пәнін оқытудың ерекшеліктері көрсетіліп, сабақты жоспарлау, информатиканы оқытудағы тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды құрастыру бойынша ақпараттар ұсынылды.
Информатика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту мақсатында өткізілген іс-шараға аудандар мен Тараз қаласынан барлығы 337 педагог қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 17.08.2023 жылғы №5-04/4977 хатына сәйкес, 2023 жылдың 29 тамыз күні Тараз қаласы, №3 мектеп-лицейінің базасында аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған “Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Аталған іс-шараға Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарынан және Тараз қаласынан барлығы 197 педагог қатысты.
✅Іс-шара барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылап, біліктілін арттырды. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін әдістемелік сессия өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 29 тамыз күні аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 2023-2024 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қатысты мәселелер, соның ішінде жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, біртұтас тәрбие бағдарламасын талқылау, пәндер бойынша оқу бағдарламаларының оқыту мақсаттарын пысықтау, PIRLS және PISA халықаралық зерттеулерінде бағаланатын оқу сауаттылығы дағдыларын қалыптастыру мен дамыту жолдарын анықтау, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмысты пысықтау мақсатында «2023-2024 оқу жылындағы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері» атты әдістемелік сессия өтті.
Әдістемелік сессия отырысында «2023-2024 оқу жылында жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім алушылардың мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау дағдысын дамыту жолдарын ұсынып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Пән мұғалімдеріне ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шараға барлығы 1076 педагог қатысты.