БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 қазан күні «Мектепішілік бақылауды жоспарлаудың ұйымдастыру-әдістемелік негіздері» тақырыбында мектеп директорлардың әдістемелік, оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар-кеңес жұмысы өтті.
Іс-шараға Тараз қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі мен әдіскерлері, мектеп басшылары, мектеп директорларының орынбасарлары, барлығы 126 қызметкер қатысты.
Семинар-кеңестің мақсаты:
Мектепішілік бақылауды тиімді жүргізу мақсатында ғылыми-әдістемелік және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету.
Семинар-кеңестің міндеттері:
1. Білім сапасын басқарудың ғылыми негіздерін толық түсінуге жағдай жасау.
2. Білім сапасы мониторингісінің технологиясын мектепішілік бақылау құралы ретінде ұсыну.
3. Білім сапасын басқару жоспарының инвариантты моделін ұсыну.
4. Басқару әдістері мен мектептегі педагогикалық үдерісті үздіксіз жақсарту әдістерін қарастыру.
5. Семинар-кеңес бойынша қатысушыларды дидактикалық материалдардың электрондық нұсқаларымен қамтамасыз ету.
Семинар-кеңестің іске асыру нәтижесінде семинар-кеңеске қатысушыларында білім сапасын жақсарту бойынша тиімді мектепішілік бақылауды жоспарлаудың технологиялық құралдарын меңгереді, мектепішілік бақылаудың тиімді әдіс екендігі туралы тұтастай түсінік қалыптасады.

ОБЛЫСТЫҚ ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп, педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, мамандыққа деген түлектердің қызығушылықтарын арттыру мақсатында мектеп түлектеріне арнап «Менің алғашқы сабағым» атты облыстық флешмоб өтті.
Іс-шараға педагогикалық мамандықтарға түсуді жоспарлап отырған жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептердің 8-11 сынып оқушылары, барлығы 1500 оқушы қатысты.

«Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында облыстық
вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 13 қазан күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың өзекті мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға 483 педагог қатысты.
Вебинар қатысушылары TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулеріннің нәтижелері мен дайындық жұмыстары, зерттеу тапсырмаларының ерекшеліктері, бастауыш сынып оқушыларының оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар үлгілері бойынша тәжірибе алмасты.

БАЙЗАҚ, ЖАМБЫЛ, ЖУАЛЫ, МЕРКІ ЖӘНЕ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНДАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 16 қазан күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Аталған іс-шараға Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының білім бөлімдерінің әдіскерлері және мектепке дейінгі ұйым педагогтері, барлығы 420 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда педагогтің атқаратын міндеттері, заттық-дамытушы ортаны құру, оны қызығушылық орталықтарына бөлу, тәрбиелеу білім беру процесін, күн тәртібін, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

"Білім беру ұйымдарында ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру" тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 2 қазан күні аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің тәрбие, құқықтық тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлеріне, директордың тәрбие, құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына "Білім беру ұйымдарында ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру" тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өткізілді, барлығы 272 педагог қатысты.
Іс-шара барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы, сонымен қатар орта білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының ашылып, жұмыс жасауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар барлық білім беру ұйымдарында балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының жұмысы бойынша әдістемелік ұсынымды басшылыққа ала отырып, жұмысты дұрыс ұйымдастыруы бойынша әдістемелік көмек берілді.