БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕССИЯ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 29 тамыз күні «2023-2024 оқу жылындағы жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері» тақырыбында жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік сессия өтті.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне 2023-2024 оқу жылында білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері мен басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер, 1-4-сыныптардың оқу пәндерінің мазмұны мен апталық оқу жүктемесі, ішкі және сыртқы бағалау ерекшеліктері, үлгерімі төмен білім алушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері, функционалдық сауаттылық пен пәндік, метапәндік және негізгі құзыреттерді қалыптастыру негіздері, кәсіптік бағдар беру жұмысының жетекші қызметі, біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны, білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру негізгінде ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға 2297 педагог қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 17.08.2023 жылғы №5-04/4977 хатына сәйкес, 2023 жылдың 24 тамыз күні Қордай ауданы, А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің базасында аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысына жауапты әдіскерлеріне, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған “Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Аталған іс-шараға Қордай ауданынан барлығы 68 педагог қатысты.
✅Іс-шара барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының беталысын, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін, білім алушылардың бойында құндылықтарды пәндік мазмұн, сынып сағаттары мен сыныптан тыс әлеуметтік тәжірибелер арқылы дарытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салып, ертеңгі ұрпақты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға етіп тәрбиелеудің тиімді жолдарын талқылап, біліктілін арттырды. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұла бойына шоғырланған жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында қатысушыларға тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 19 маусымында мемлекеттік аттестациядан өтетін мектепке дейінгі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетілді.
Іс-шара барысында Тараз қаласындағы мемлекеттік аттестаттаудан өткен #33 "Айсәуле", #35 "Ертөстік" бөбекжай-бақшаларының жұмыс барысы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері мен әдіскерлеріне таныстырылды.

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ «Білім саласындағы бақылау және бағалау» тақырыбымен панельдік секция отырыстары басталды

📌 Секция отырыстарына еліміздің әр аймағынан 150-ге жуық білім саласының қызметкерлері(өңірлердегі білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары, білім басқармаларының қызметкерлері, мектеп директорлары, олардың орынбасарлары, педагогтер, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері) қатысуда.

Ұлт зиялысы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Ұрпақ тәрбиесі: ар ілімі» республикалық онлайн семинар өтті

2023 жылдың 7 маусым күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Ұлт зиялысы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Ұрпақ тәрбиесі: ар ілімі» республикалық онлайн семинар өткзілді. Аталған іс-шараға Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және өңірлік әдістемелік орталықтардың тәрбие бөлімінің басшылары, республика бойынша білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері 300-ден аса педагогтер қатысты.
Шәкәрім шығармаларындағы рухани-адамгершілік тұлғалық құндылықтарды заманауи әдіс-тәсілдер арқылы білім алушылардың бойына сіңіру жолдарын көрсету, талдау мақсатында ұйымдастырылып өткізілді. Іс - шара барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының «Тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің жетекшісі Келдибаева Гульзат Елемесқызы “Шәкәрім мұраларының тәрбиелік мәні”, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының мұғалімі Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы «Шәкәрім шығармаларындағы жан саулығы» тақырыбында бала тәрбиесіне Шәкәрімнің педагогикалық идеяларын енгізу мен оны тәжірибеде жүзеге асыру барысында әріптестеріміз өз тәжірибелерімен ой бөлісіп пікір алмасты.