БӨЛІМДЕР - Оқу-әдістемелік кабинет

БӨЛІМДЕР

«Биология, химия сабақтарында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту жолдары»тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

2023 жылдың 29 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен биология, химия пәндері мұғалімдеріне арналған «Биология, химия сабақтарында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар-практикум барысында педагогтерге биология, химия сабақтарында жаратылыстану сауаттылығы бойынша мәтіндік тапсырмаларды талдаудың және қысқа мерзімді жоспарға кіріктірудің жолдары туралы іс-тәжірибелер ұсынылып, қажетті дидактикалық материалдарға сілтемелер таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, биология, химия пәндері мұғалімдері, барлығы 100 педагог қатысты.

«Қазақшаң қалай, балақай?» атты республикалық байқауы өтті

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Қазақшаң қалай, балақай?» атты республикалық байқауы өтті.
Аталған іс-шараға облыстық кезеңнен жеңімпаз атанған Тараз қаласының №6, №8 бөбекжай-бақшаларының және Байзақ ауданы, «Балдырған» бөбекжай-бақшаларының жұмыстары ұсынылған болатын.
Республикалық байқау нәтижесі бойынша №6 бөбекжай-бақшасы «Үздік ұйымдастырылған балалар әрекеті» номинациясын, Байзақ ауданы, «Балдырған» бөбекжай-бақшасы және Тараз қаласы, №8 бөбекжай-бақшасы «Үздік ұйымдастырылған бірлескен әрекет» номинациясын иеленді.
Педагогтерді жеңісімен құттықтаймыз!!!

«Білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында психологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 28 қыркүйек күні аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлеріне, шығармашылық топ педагог-психологтарына арналған «Білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында психологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында оффлайн форматта облыстық семинар-кеңес өткізілді, барлығы 63 педагог қатысты.
Іс-шара барысында ағымдағы оқу жылындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері, психологиялық қызметті ұйымдастыруда басшылыққа алатын нормативтік құжаттар, педагог-психологтың жылдық жоспарын құру мен біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбие сағаттарына қатысу мәселесі кеңінен талқыланды. Әдіскерлер, педагог-психологтар көкейде жұрған сауалдарына жауап алды. Қатысушылар білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастыру жұмыстары бойынша әдістемелік көмек алды.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектептері Тараз қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, 2023 жылдың 29 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Комбинаторика және логикалық есептер» атты облыстық семинарын өткізді.
Іс-шараның бірінші бөлімінде Ырысбек Мәуіт «Алтын сақа», «Алтын тұғыр» олимпиадаларының және «Бастау» олимпиадасы есептерінің авторы, «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің негізін қалаушысы «Алтын сақа», «Алтын тұғыр» олимпиадаларының өткізу тәртібі мен нәтижелері туралы таныстырылым жасаса, екінші бөлімінде Алтаев Жанат Тұрсынбекұлы «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектептер желісінің Оңтүстік өңірлік директоры «Комбинаторика және логикалық есептер» тақырыбы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр», 3-4-сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» олимпиадаларының тапсырмаларына тоқталды. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері комбинаторика, логикалық есептерді жорамалдау, жою әдістері арқылы шығару жолдары, сонымен қатар бос орын толтыру, талдау сұрақтары, есептеу сұрақтары, таңдау сұрақтары арқылы шығарылатын тапсырмалары бойынша тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушылар электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.
Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 200-ге жуық педагог қызметкер қатысты.

«Жасөспірім шақтағы оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық бағыттың маңыздылығы мен инновациялық тәсілдері» тақырыбында облыстық шеберхана жұмысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 27 қыркүйек күні аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған «Жасөспірім шақтағы оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық бағыттың маңыздылығы мен инновациялық тәсілдері» тақырыбында облыстық шеберлік зертхана жұмысы өткізілді, барлығы 88 педагог қатысты.
Іс-шара барысында Талас ауданының педагог-психологтарының "Жасөспірім шақтағы білім алушылармен жүргізілетін психодиагностикалық бағыттың маңыздылығы", "Жасөспірімнің құндылықтары мен моральдық нормалар жүйесін талдау", "Сиқырлы сезімдер елі" тесті", " Жасөспірімдердің бойындағы үрейлену, қорқыныш және депрессия деңгейін анықтауға арналған әдістемелер", "Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін диагностикалау" (жасөспірімдердің компьютерге, ғаламторға тәуелділігін диагностикалау), "Арттерапия әдістерін қолдана отырып оқушылардың тұлғалық мінез ерекшеліктері мен интеллектуалдық білімдерін анықтау", "Жасөспірімдермен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстарды инновациялаудың тиімділігі", "Жасөспірімдердің отбасылық климатын психологиялық зерттеу" тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалды. Мамандар шеберхана жұмысында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар білім беру ұйымдарында психодиагностикалық бағыт бойынша мектепте жүргізілетін әдістемелерді қолдану және психологиялық қызметтегі анықтау бағытындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек алды.