Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 5 ақпанында Жамбыл облысының  білім саласында  сапаны қамтамасыз ету департаментінің ағымдағы жылдың І жартыжылдығында  жоспарланған профилактикалық бақылаудан өтетін жалпы білім беретін мектеп  (облыс бойынша 14 мектеп)  директорларының оқу ісі және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқу -тәрбие үрдісін ұйымдастыруда  әдістемелік қызметтің сапасын  арттыру» атты облыстық вебинар өтті. Вебинарға    14 мектептен жалпы 33 адам қатысты.

Вебинар барысында  мектептегі әдістемелік қызмет сапасын арттыруға бағыт-бағдар беріліп, тиісті нормативті-құқықтық құжаттар талаптарының сапалы орындалуы туралы кеңес берілді. Білім беру ұйымдарында әдістемелік қызмет сапасын жақсарту мен шығармашыл педагог қалыптастыру,педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырудың тиімді жолдары туралы ақпараттық-әдістемелік түсіндіру жүргізілді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында химия пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде вебинар өтті

        2021 жылдың  4 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  ZOOM платформасында Айша бибі атындағы  облыстық дарынды қыз балаларға  арналған  мамандырылған  «Білім-инновация» лицей-интернаты мен облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандырылған « Білім-инновация» лицей-интернатының    тәжірибелі мұғалімдері «Тепе-теңдік (Equilibrium) тақырыбын түсіндірудің тиімді сценарийін  жасау (Химия, 10 сынып)», «Қашықтықтан оқыту барысында Zoom платформасын тиімді пайдалану »тақырыптарында химия пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде вебинар өтті.

        Іс-шара барысында Zoom платформасын тиімді пайдалану арқылы химия сабағында интерактивті оқыту, топтық жұмыс, бағалау және тест тапсырмаларын ұйымдастырудың  тиімді әдіс -тәсілдерін көрсетті.

Аталған іс-шараға облыстың   76 химия      пәні мұғалімдері қатысты.

«География сабағында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мәселелері»  тақырыбында шеберлік сыныбы өтті

      Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 3 ақпан күні «География сабағында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбында  география пәні мұғалімдеріне арналған онлайн  режимінде  облыстық  шеберлік  сыныбы  өтті.

      Меркі ауданы №44 орта мектебінің география пәні мұғалімі Г.Найзабекова «География сабағында оқушылардың танымдық қабілетін белсендіре отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»,  «Үздік тәжірибе – оқу-тәрбие үрдісіне», «Мұғалімнің шығармашылығы»  тақырыптарында  іс – тәжірибесімен бөлісті. Аталған іс-шараға барлығы     198  педагог қатысты.

«Қашықтықтан оқыту жағдайында үшінші, төртінші тоқсандардағы оқу процесін жоспарлау» тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған қашықтықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 4 ақпан  күні «Қашықтықтан оқыту жағдайында үшінші, төртінші тоқсандардағы оқу процесін жоспарлау»  тақырыбында  география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға 139 педагог қатысты.

          Вебинар барысында үшінші, төртінші тоқсандардағы оқу процесін жоспарлауға  бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.

ОБЛЫСТЫҚ ВЕБИНАР ӨТТІ

         2021 жылдың 4 ақпанында  Жамбыл облысы әкімдігі білім    басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, халықаралық зерттеулерге жауапты мектеп үйлестірушілеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

       Вебинарға Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының білім беру ұйымдарының мектеп директорлары мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары барлығы  298 адам қатысты.

          Вебинар барысында мектеп басшыларына PISA, TIMSS, PIRLS, TALIS, ICILS, PIAAC халықаралық зерттеулерінің негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы PISA индикаторлары, білім алушылардың халықаралық зерттеулерге қатысудағы негізгі міндеттері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы ізденіс-тәжірибелері, нәтижелері, халықаралық зерттеулерінің даму стартегиясы, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруда математикалық сауаттылығын, жаратылыстану сауаттылығын және  оқу сауаттылығын дамытудың  әдіс-тәсілдері, 2021 жылы PIRLS халықаралық зерттеулеріне дайындық жұмыстары туралы мазмұнды  ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.