Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 сәуір күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 126 педагог қатысты.
Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында ІХ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2020» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, №24 мектеп-гимназиясының педагог-психологі А.Жандарова және VІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2017» байқауының жеңімпазы, Меркі ауданы, №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының педагог-психологі Р.Молдобекова іс-тәжірибелерімен бөлісті.