Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің  180 жылдық мерейтойына орай құрылған онкүндіктің жоспарына сәйкес Ұлы дала педагогі еңбектерін ұстаздар арасында кеңінен насихаттай отырып, педагогикалық заманауи әдіснамалық негіздеріне тәжірибелік қолдау таныту, ақынның шығармашылық мұрасын оқыта отырып, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу  мақсатында «Ыбырай шығармаларын зерттеудегі инновациялар мен әдістемелер» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Іс-шарада облысымыздың тәжірибелі ұстаздары Ыбырай шығармаларын оқыту арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негіздерін атап көрсетіп, шағын әңгімелері мен өлеңдеріндегі қанатты, бейнелі сөздерін кеңінен насихаттады.

Облыстық семинарға 210 педагог қатысты. 

«Аутизм  мәселелері, диагностикасы және әдістемесі» тақырыбында облыстық  вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  19  сәуір  күні  Ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер  үшін  «Аутизм  мәселелері, диагностикасы және әдістемесі» тақырыбында облыстық  вебинар өткізді.

 «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға  232 педагог қатысты. Іс-шара барысында  Талдықорған қаласының №2 облыстық психологиялық- медициналық-педагогикалық консультация орталығының психологі Абдуалиева Асем Нурсагиевна   бала аутизмін айқындаудың негізгі диагностикалық әдіс-тәсілдері туралы, БАҰО "Өрлеу" АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының "Методология және педагогикалық инновация" кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтану ғылымының кандидаты Абилова Айгүл Булатовна  аутизм спектрі бұзылған балаларда сөйлеуді дамытуға арналған логопедиялық ойындар мен жаттығулары бойынша тәжірибесі туралы ақпараттық-әдістемелік көмек беріліп, электронды материалдар таратылды.

«Перевёрнутый урок» в начальной школе. Подходы, ресурсы» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

 2021 жылдың 16 сәуір күні  «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже»  жобасының аясында республикалық «Үздік педагог-2018» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, №24 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Н.Полухинаның «Перевёрнутый урок» в начальной школе. Подходы, ресурсы» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы өткізілді.

Іс-шара барысында Н.Полухина «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасы мен педагогикалық электронды портфолиосының мазмұнымен, «Төңкерілген сабақ» үлгісінің қазіргі заманғы аралас оқыту технологиясының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде оқушылардың бағдарламалық материалды немесе қосымша оқу материалын игеру бойынша өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 236 педагог қатысты.

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері үшін  облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 19 сәуір күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытуда жобалық іс-әрекеттің маңызы» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік жұмыстардың бағыттары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда жобалық іс-әрекеттің маңызы жайлы толық мағлұмат алып, электронды дидактикалық таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

Аталған іс-шараға облыстың  202 педагогі қамтылды.

«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді  жолдары»  тақырыбында облыстық  вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  16 сәуір  күні  жалпы орта білім беретін ұйымдардың Ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдерге  арналған  «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді  жолдары»  тақырыбында облыстық  вебинар өткізілді.

  Іс-шара барысында  ҚР Президенті  жанындағы мемлекеттік  басқару  Академиясының  Жамбыл  облысы  бойынша  филиалының  "Білім  беру  бағдарламаларын  әзірлеу  және  жүзеге асыру"  кабинетінің  профессоры Оспанбаева  Махаббат  Пернебайқызы  ЕББҚБ педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу,  Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының  әдіскері Кыдыкенова  Динара Жардембековна "Сәтті қадам" инклюзивті кеңістікті ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға  200 педагог қатысты.