Халықаралық зерттеулер - Оқу-әдістемелік кабинет

Халықаралық зерттеулер

«Жасөспірімдер арасындағы суициалды мінез-құлықтың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық  вебинар өтті

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен   2021 жылдың 28 сәуір күні білім беру ұйымдары директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтарына арналған «Жасөспірімдер арасындағы суициалды мінез-құлықтың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық  вебинар өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 112 педагог қатысты.                                                                                             

         Іс-шара барысында жеткіншек жастағы оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлық мәселелері және оның шешу жолдары мен алдын алу, түзету жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша   кеңестер беріп, тақырып аясында пікір алмасты.

«Инклюзивті білім беру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық  вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  29  сәуір  күні  ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер  үшін  «Инклюзивті білім беру ерекшеліктері»

 тақырыбында облыстық  вебинар өткізді.

 «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 100-ден аса  аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері,  психологтары,  ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға  сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында           Тараз қаласы,                 № 49   Ы.Алтынсарин  атындағы  мектеп - гимназиясының  директордың  оқу-ісі жөніндегі орынбасары Р.Тоқабай инклюзивті білім беру маңызы, ерекшеліктеріне тоқталса, Тараз қаласы, № 6 орта мектебінің        директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары  Е.Мерцалова ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жұмысты үйлестіру әдістерін көрсетті. Кездесу барысында педагогтер    ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен белсенді әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу жолдары бойынша тәжірибе алмасты. Электронды материалдар таратылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жанынан құрылған мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларының «Шығармашылық зертханасы» тобы мүшелерінің  №2-отырысы 2021 жылдың 27 сәуірі күні  өтті. Аталмыш отырыс аясында  «Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысты сапалы ұйымдастыру жолдары» атты тәжірибелік вебинар  өткізіліп, шараға  140-тан аса  мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары  қатысты.

          Вебинарда  оқыту үрдісінде әдістемелік қызметті сапалы әрі жаңашылдықпен ұйымдастырудың  тиімді жолдары,  нәтижелі жұмыстар арқылы білім ұйымының дамуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша тәжірибелік ақпараттар таратылды.

«Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқын  әлемге танытқан спортшы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың  28 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру мекемелеріндегі дене шынықтыру мұғалімдеріне  арналған «Қажымұқан Мұңайтпасов - қазақ халқын  әлемге танытқан спортшы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне балуан атамыздың өмір жолы, спорттағы жеткен жетістіктері жеке қасиеттері,  марапаттары туралы ақпараттар берілді.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,               167 жаттықтырушылар  мен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері  қатысты.

«Ең үздік кітап оқитын мектеп»  атты облыстық байқау өтті

 Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ең  үздік  кітап  оқитын  мектеп»  атты   облыстық   байқау  2021  жылдың 27 сәуірінде ZOOM платформасында онлайн режимінде өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру арқылы интеллектуалды қабілетін дамыту, кітап оқуды насихаттау.

   Байқау «Менің сүйікті кітабым», «Қара өлеңнің Құлагері» «Сөз маржанын терейік...», «Ізден, талаптан, оқырман!»   номинациялары бойынша өткізілді.

Байқауға  білім    беру   ұйымдарынан   11    мектеп қатысып,   7  мектеп жүлделі орындарды иеленді.

 Жамбыл  ауданындағы А.С.Макаренко атындағы орта мектебі-бас жүлдені,  Меркі   ауданының   №13 жалпы орта   білім   беретін   орта мектебі  І орынды,   Қордай ауданының №1 Д.Қонаев атындағы мектеп гимназиясы, Талас ауданының  Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі ІІ орындарды,  Байзақ ауданының  Н.Киікбаев  атындағы мектеп-гимназиясы, Сарысу  ауданының     Қызылдихан   орта мектебі,   Шу  ауданының  М.Мақатаев атындағы  тірек орта мектебі   ІІІ орындарды иеленді. Байқауға қатысқан мекемелер облыстық білім басқармасының дипломдарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.