Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы орта мектептердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында  2018  жылдың 31 мамырында  «Орта білім беретін  үздік  ұйым»  конкурсының  ІІ облыстық кезеңін  өткізді.

«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындайтын конкурсының ІІ кезеңіне аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдері мен білім басқармасына қарасты білім мекемелерінен барлығы 8 жалпы білім береу ұйымдары қатысты.  
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды іріктеуді «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының  өткізілу қағидаларының бағалау өлшемдеріне сәйкес жүргізді. 

«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында география пәні мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру» тақырыбында шеберлік сынып өтті

2018 жылдың 30 мамырында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында география пәні мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру» тақырыбында  шеберлік сынып  өтті.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдіс-тәсілдер, критериалды бағалау қағидаттары, менталды картаның тиімділігін қолдану бойынша  әдістемелік-ақпараттық көмек көрсетілді.  Аталған іс-шараға барлығы 26  педагог қатысты. 

Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата - аналар!

Сіздерді бүгінгі қазақстандық түлектердің мектеппен қоштасуға арналған соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге алғашқы қадамдарын басқалы отыр.
Бүгін түлектер өздерінің 11 жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін үлкен өмір жолына аттандыруда.
Биылғы оқу жылындағы нәтижеміз жоғары. Бұған дәлел, біздің оқушылар республикалық Олимпиада 7-жыл, ғылыми жобалар байқауларында 6-жыл қатарынан командалық бірінші орынды иеленді. Ал халықаралық білім сайыстарында 150 оқушымыз жүлдегер болып отыр. Жалпы биыл облыс мектептерін 9611 түлек бітірді. Оның 63 пайызы, яғни 6 мыңнан астам оқушы Ұлттық бірыңғай тестін тапсыруға ниетті.
Алда жас түлектерді үлкен сынақ күтіп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға тілектеспіз. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екінші сыныпқа аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспіз.
Үлкен өмірге қадам басқан жас түлектерге тек қана сәттілік тілейміз. Жолдарың әрдайым ашық болсын!

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПСИХОЛОГІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұымдастыруымен ағымдағы жылдың 28 мамыр күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында  білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, педагог-психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында «Жылдың үздік психологі» атты облыстық  байқау өткізілді.
Байқауға 3 жыл, 3-7 жыл және 7 жылдан жоғары еңбек өтілі бар 16 педагог-психологтар қатысты. Байқауға қатысушы педагог-психологтар «Психолог тұғырнамасы», «Авторлық бағдарламаның таныстырылымы», «Психолог тәжірибесінен» атты  кезеңдерде шығармашылық жұмыстарымен және кәсіби біліктілігін көрсететін материалдармен таныстырды. 
Қазылар алқасы педагог-психологтардың өз саласының теориясы мен әдістемесіне, кәсіби шеберлігінің деңгейі мен қызметінің қазіргі заман талабына  сай ерекшеліктеріне және тәжірибеде педагогикалық-психологиялық талаптардың сақталуына ерекше назар аударды.
Облыстық байқауда жеңімпаз атанған педагог-психологтар республикалық кезеңге қатысатын болады.

«ТІРЕК МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАР МЕН ШЖМ-ІҢ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН  ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК  СЕМИНАР ӨТТІ. 
2018 жылдың 18 мамыр күні Т.Рысқұлов ауданындағы Мұхтар Әуезов  атындағы тірек  мектебінің (РО) базасында «Тірек мектеп жағдайында инновациялық білім беру үдерісін басқарудың  педагогикалық шарттары» тақырыбында  ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинар жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жаратылыстану-математикалық білім беру зертханасының меңгерушісі, доцент  Ш. М. Шуиншина, аудандық,  білім бөлімдерінің әдіскерлері, тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың), ШЖМ-нің басшылары, барлығы 60 педагог қатысты.
Семинарға қатысушылар тірек мектебі жағдайында инновациялық білім беру үдерісін басқарудың педагогикалық шарттарымен танысып, өзекті мәселелерді, ұсыныстарды, ескертулерді ортаға салып пікір алмасты.