Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адам капиталы» атты мектеп директорларының секция отырысы өтті

2018 жылдың 22 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы адам капиталы» атты мектеп директорларының секция отырысы өткізілді.

Мектеп басшыларына арналған облыстық секция отырысына мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, барлығы 235 адам қатысты.

          Іс-шараға қатысушылар 2018-2019 оқу жылындағы білім беру ұйымдарының  жұмысындағы жүйелі өзгерістер мен міндеттер, заманауи мектептегі инклюзивті білім беруді ұйымдастырылуы,  білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы  ерекшеліктер туралы ақпараттар алды.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің аясында өткізілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтарының секция отырысы

2018 жылдың 14 тамызы күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінде «Жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда әдістемелік қызмет және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін кіріктіру» тақырыбында секция отырысы өткізілді.

Секция жиынына Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтары, барлығы 49 білім қызметкері қатысты.

Пән мұғалімдеріне арналған секциялық отырыстар өткізілді

2018 жылдың 14 тамызында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану», «Критериалды бағалау-оқытуға ынталандырудың өсу жағдайы», «Оқу жетістіктерін критериалды бағалау-оқушылардың құзыреттілігін арттыру қоры ретінде»  тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде секциялық отырыстар өткізілді. Секция отырыстарына барлығы – 2187 педагог (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен – 918, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен – 705, ағылшын тілі пәнінен -564) қамтылды.

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

13 тамыз күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті тамыз кеңесі аясында физика, математика пәні мұғалімдеріне секция отырысын өткізді.

«Оқу жетістіктерін критериалды бағалау оқушылардың құзыреттілігін арттыру ресурсы ретінде» және «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика сабақтарында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбында өткен секция жұмыстарына барлығы 1369 педагог қатысты.

Онлайн секция отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2018 жылғы 13 тамыз күні мектеп басшылары мен мектеп директорларының орынбасарларына білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп басшыларының жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие  процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында «Білім беру саласы: инновациялар, мазмұны, басқару формалары мен әдістері» атты онлайн секция отырысын өткізді.