Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру - Оқу-әдістемелік кабинет

Тірек мектептердің (Р.О.) жұмысын жетілдіру

«Отбасылық тәрбиенің қоғамдағы маңызы: мәселелер, көзқарастар, болашағы» тақырыбында  онлайн  режимінде облыстық  вебинар өтті

2021 жылдың 14 қаңтар  күні директордың  тәрбие  ісі   жөніндегі  орынбасарларына,  сынып жетекшілерге,  педагог-психологтар мен  әлеуметтік  педагогтарға арналған «Отбасылық тәрбиенің қоғамдағы маңызы: мәселелер, көзқарастар, болашағы» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық   вебинар өтті.  Аталған іс-шараға барлығы  270 педагог  қатысты.  

Вебинарға қатысушылар тәрбиенің басым бағыттары соның ішіндегі  отбасы тәрбие  бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты  және таратпалы материалдармен  қамтамасыз  етілді.

«Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу процесін сүйемелдеуге арналған электронды онлайн-білім беру ресурстары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің   бірлескен   іс-шаралар   жоспарына   сәйкес    2021   жылдың     11 қаңтар күні білім    беру  ұйымдарының   кітапхана    қызметкерлеріне   арналған «Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу процесін сүйемелдеуге арналған электронды онлайн-білім беру ресурстары» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шара барысында  кітапхана қызметкерлері  қазіргі  заманауи кітапханаларға қойылатын талаптар мен әдіс-тәсілдерді игеру, қазіргі кездегі әлемдегі өзгерістерге байланысты қашықтықтан оқу процесін қолдау, сүйемелдеу бойынша тәжірибе алмасты.

Аталған іс-шараға аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен  102 кітапхана  қызметкерлері қатысты.

 

 

 

       

 

 

 

 

                 

Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының басшыларына тәжірибе алмасу вебинары өтті

 2020 жылдың 30 желтоқсан күні Батыс Қазақстан облысының білім қызметкерлері үшін «Халықаралық зерттеулер: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинары өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усерова облыстағы халықаралық зерттеулерге дайындық барысы, жоспарлы жұмыстардың ұйымдастырылу жағдайы туралы баяндады.

Ал оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, халықаралық зерттеулер бойынша облыстық координатор Ш.Жамалбекова тәжірибелік таныстырылым арқылы 2012 жылдан бастап ұйымдастырылған жұмыстардың ерекшеліктеріне, оқушылардың оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ   TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне қатысқан мектептердің басшылары, оқу-ісінің орынбасарлары мен аудан үйлестірушілері де тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған вебинарға Батыс Қазақстан облысының 297 мектеп директторлары, әдістемелік кабинет әдіскерлері қатысты.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы С.Темірғалиева, Білім беруді дамыту орталығының директоры Г.Кубашева халықаралық зерттеулер бойынша ашық диалогтық алаңда іс-тәжірибе алмасу бағытында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұжымына алғыстарын білдірді.

«Қысқы мектеп» жобасы аясында география пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде семинар өтті

         2021 жылдың  11қаңтар күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  ZOOM платформасында Айша бибі атындағы  облыстық дарынды қыз балаларға  арналған  мамандырылған  «Білім-инновация» лицей-интернаты мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған «Дарын» мектеп-интернатының    тәжірибелі мұғалімдері «Оқушылардың  өздігінен  жұмыс жасау дағдыларын дамыту» , «Quizizz.com. қосымшасы арқылы оқушылардан бақылау жұмысын алу» тақырыптарында география пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде семинар өтті.

 Аталған іс-шараға облыстың   127 география пәні мұғалімдері қатысты.

«Жоба әдісі арқылы оқушылардың зерттеу, шығармашылық құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті

            Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың    29 желтоқсан күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» жобасы аясында Меркі ауданы №17 И.Трубицын атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «Үздік педагог - 2020» атағының иегері Н.У.Қаймалақованың «Развитие исследовательских, творческих компетенций учащихся через проектную деятельность» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.

Шеберлік сыныпта Н.У.Қаймалақован «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасы, ұстаздың электрондық портфолиосының мазмұны мен «Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру» шығармашылық  тақырыбындағы жинақталған іс-тәжірибесімен бөлісті. Жоба әдісі арқылы оқушыларды әдеби шығармаларды оқуға баулу, сандық технологияларды қолданып жоба өнімін дайындау және  қолданбалы курс бойынша дайындаған «Жобалық қызмет» атты авторлық бағдарламасы, әдістемелік кешенімен таныстырып, орыс тілі сабағында жоба әдісінің қолдануын көрсетті. 

Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық  «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 171 педагог қатысты.