«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: тарих, деректер, зерттеулер» тақырыбында облыстық конференция өтті
2021 жылдың 29 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: тарих, деректер, зерттеулер» тақырыбында облыстық конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі аясында мемлекетіміздің 30 жылғы тарихы мен жасампаз жетістіктерін насихаттау.
Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының ғалымдары қатысты.
Облыстық конференция барысында педагогтарға Тәуелсіз Қазақстанның егемендік жолындағы қол жеткізген табыстары, өскелең ұрпақтың санасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ғалымдардың зерттеулері мен пайымдары туралы ақпарат беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.
Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер, 189 тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 200 педагог қатысты.