«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың мәтін арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық онлайн семинар өтті
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 1 ақпанында «Zhambil_Obl_Metod» бөлмесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне жаңартылған білім мазмұны аясында оқушылардың мәтін арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдарын анықтау арқылы әдістемелік көмек беру мақсатында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың мәтін арқылы оқу сауаттылығын дамыту жолдары»
тақырыбында облыстық онлайн семинар өткізілді. Аталған іс-шараға 1623 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Онлайн семинар барысында пән мұғалімдері оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі оқушыларға мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту барысында түрлі әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру үшін әдістемелік көмек берілді.