БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПЕДСТАРТ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ОБЛЫСТЫҢ 28 ПЕДАГОГІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
2019 жылдың 7-9 қаңтар аралығында Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинар аясында Республикалық «ПедСтарт» математикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты: бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.
Аталған іс-шараға Жамбыл облысынан 52 мұғалім қатысып, нәтижесінде 28 педагог (І орынды 7, ІІ орынды 8, ІІІ орынды 13 мұғалім, алғыс хаттармен 6 мұғалім) жеңімпаз атанды.
Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!