ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

Жамбыл  облысы  әкімдігі  білім басқармасының оқу-әдістемелік  кабинеті  2021 жылдың  13 сәуір  күні  білім  беру  ұйымдарының  директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету, инновациялық қызметтерін дамыту, шығармашылық шеберліктерін арттыру мақсатында мектеп  директорларының  тәрбие  ісі жөніндегі  орынбасарларының шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Қашықтықтан оқыту жағдайында  тәрбие  жұмысын  тиімді ұйымдастыру және оны жетілдірудің  инновациялық  жолдары /НЗМ тәжірибесі/» тақырыбында  онлайн  режимінде  облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға барлығы  148 педагог  қатысты.  

Іс-шара барысында Меркі ауданы, №1, №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиялардың, №9 В.Савва атындағы мектеп-лицейінің, №44 жалпы білім беретін мектептің озық іс-тәжірибелері  таратылды және вебинарға қатысушылар тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмектер  алды, тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе  алмасты.  

 

«Білім беру мекемелеріндегі дебат қозғалысы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2021 жылдың  13 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру мекемелеріндегі дебат клубтарының жетекшілеріне арналған «Білім беру мекемелеріндегі дебат қозғалысы: бүгіні мен болашағы» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтарға білім беру мекемелерінде дебат клубтарын жүргізу ерекшеліктері, дебат ойынының форматтары бойынша әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Вебинар барысында педагогтарға дебат клубтарын ұйымдастыру, жаттықтырушылар мен үйлестірушілердің жұмыс бағыттары, дебат ойынының  форматтары, ерекшеліктері, пікірсайыс турнирлерін ұйымдастыру, мектептер, мен аудандарда  дебат клубтарын үйлестіру жұмыстарының бағыттары туралы әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 11 әдіскер,               96 дебат клуб жетекшісі, барлығы 107 педагог қатысты.

«с» жобасын іске асыру мақсатында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Тыңда, дала, Жамбылды!»    атты  мәнерлеп оқу шеруі өтті

2021 жылдың 1-30 наурыз күндері білім беру ұйымдарының кітапханаларында «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында  Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Тыңда, дала, Жамбылды!»     тақырыбында   тізбектегі   өлең   жолдарын     мәнерлеп    оқу    шеруі              5-10 сынып оқушылары арасында  ұйымдастырылды.

Іс шараның мақсаты - ақынның өмірі мен шығармаларын кеңінен насихаттау.

 Аталған  іс-шараға  228 мектептен  12565 оқушы қатысты.  

«Развитие навыков грамотности чтения на уроках русского языка и литературы» тақырыбында облыстық вебинар өтті

 2021 жылдың 13 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Развитие навыков грамотности чтения на уроках русского языка и литературы» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинар барысында педагогтарға орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары, ҰБТ-ға дайындық барысында мәтінмен жұмыс түрлері бойынша ақпарат беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.  

Іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, барлығы 110 педагог қатысты.

«Геогафия пәнінен  ҰБТ – де кездесетін географиялық есептерді шешу жолдары»  тақырыбында қашықтан вебинар өтті

       Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың  12 сәуір  күні «Геогафия пәнінен  ҰБТ – де кездесетін географиялық есептерді шешу жолдары»  тақырыбында география пәні әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған  вебинар  өтті. Вебинарға  231  педагог  қатысты.

          Вебинар барысында география сабағындағы оқытудың белсенді әдістері арқылы географиялық есептерді математикалық жолмен шешудің тиімді жолдары   көрсетілді.

Іс-шара барысында материктің көлемін анықтау, профиль түсіру, жылдық жауын-шашын мөлшері, су шығыны, ағыс жылдамдығы, ұзындығы, ылғалдану коэфиценті, өзен еңістігі, халықтың тығыздығы, демографиялық есептеулер, экономикалық даму деңгейі, ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры, халықтар тығыздығы, миграция ағымы, халықтың өсімі мысалдар арқылы түсіндірілді. Оқушылардың қабілеттерін дамыту бойынша логикалық ой қозғаудағы әдіс тәсілдерін және ҰБТ-да кездесетін есептердің шығарылуына бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды.