ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

«Қашықтан оқыту жағдайында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу жолдары» тақырыбында облыстық  онлайн вебинар өтті

Облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен 2021 жылдың 16 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қашықтан оқыту жағдайында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу жолдары» тақырыбында Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы облыстық вебинар өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты  әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 208 педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдері қашықтан оқыту жағдайында бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу жолдары, оқушылардың функционалдық және сыни сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар түрлері, тест спецификация, қолжетімді нәтижені анықтайтын бағалау құралдары, білім беру платформаларын тиімді пайдалануы бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.

 

Облыстық онлайн вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 16 сәуір күні аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйымжәне мектепалды даярлық  әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқытуды дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері» тақырыбында zoom бейнебайланыс режимінде облыстық онлайн вебинар өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі таныстырылып, әрбір іс-шараларға дайындық жұмыстарының жүйелі жүргізілуі туралы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Талас, Сарысу аудандары білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйым және мектепалды даярлық әдіскерлері мектепке дейінгі ұйымдарға, педагогтерге көрсетіліп жатқан ақпараттық-әдістемелік қолдау бағыттары бойынша іс-шаралар туралы әріптестерімен тәжірибе алмасты.

          Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 сәуір күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында  «Мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы және оны жетілдіру жолдары» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтарының озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 126  педагог қатысты.                                                      

        Мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша  жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық  идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік  көмек көрсету, өзара  тәжірибе  алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

          Іс-шара барысында ІХ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2020» байқауының жеңімпазы, Тараз қаласы, №24 мектеп-гимназиясының педагог-психологі А.Жандарова және VІ Республикалық «Жылдың үздік психологі 2017» байқауының  жеңімпазы, Меркі ауданы, №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының педагог-психологі Р.Молдобекова іс-тәжірибелерімен  бөлісті.              

«Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)»  тақырыбында облыстық семинар өтті

 Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, 2020-2021 оқу жылына арналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  іс-тәжірибесін орта білім беру ұйымдарына трансляциялау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2021 жылдың 15 сәуір күні  жалпы орта білім беретін мекемелердің жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндердің педагогтеріне арналған «Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL)»  тақырыбында  облыстық семинар  өткізді.  

         Zoom  бейнебайланыс режимі арқылы өткен семинарға 204   педагог қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән  мұғалімдері тілдік интеграциялық оқыту, CLIL  технологиясын іске асыру барысында  жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.  

         Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2021 жылдың 14 сәуірінде бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.

          Іс-шара барысында бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің алгоритмі, тапсырмаларға қойылатын талаптар, бағалау қағидаттарына және тапсырма түрлеріне (жабық, ашық) мысалдар арқылы кеңінен тоқталды.

    Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 232 педагог қатысты.