ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету - Оқу-әдістемелік кабинет

ШЖМ нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2022 жылдың 24 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткен облыстық білім қызметкерлерінің Тамыз конференциясының аясында облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының грант иегері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданы білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне облыс әкімі Н.Нұржігітов 34 000 000 (отыз төрт миллион) теңге грантының сертификатын табыстады.

«Конституция – демократиялық дамудың негізі» тақырыбында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық диалог алаңы өтті.

2021 жылдың 26 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған «Конституция – демократиялық дамудың негізі»  тақырыбында облыстық диалог алаңы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының маңызын насихаттау,  әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу.

Облыстық диалог алаңына облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдері, барлығы                 247 педагог қатысты.

Диалог алаңында Ата Заңның қабылдану тарихы, негізгі баптарына қатысты ойлар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру бағытындағы бастамалар, мемлекеттің демократиялық дамуындағы Конституцияның маңызы мен рөлі туралы ғалымдар ойларын ортаға салып, педагогтер шеберлік сыныптарын көрсетті. Пән мұғалімдеріне әдістемелік ұсынымдар беріліп, дидактикалық материалдар таратылды.

 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ТАМЫЗ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 23 тамыз күні «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудағы жаңа бағдары» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым  педагогтеріне арналған Тамыз кеңесінің облыстық секциялық отырысы өтті.

Тамыз кеңесінің секциялық отырысының барысында  «Мектепке дейінгі  ұйымдар мен  мектепалды даярлық сыныптарында  тәрбиелеу-білім беру процесін  ұйымдастыру ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хаттың мазмұнын  жан-жақты түсіндірілді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін  іске асырудағы  негізі бағыттары және тәрбиелеу-білім беру процесінде «ойын арқылы оқыту» қағидасының маңыздылығы туралы мәселелер айтылып, іс-тәжірибелер таратылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен өзара ықпалдастықта жұмыс істеуді дамыту  қажеттігі туралы сөз қозғалды.

Секциялық отырыста қатысушыларға тәрбиелеу-білім беру процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша тұжырымды идеялар ұсынылып, ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

Аталған іс-шараға облыстың 138 педагогі қамтылды.   

Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА-ның ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен «2021-2022 оқу жылының  және Үлгілік оқу жоспарларының ерекшеліктері» атты  облыстық  онлайн семинар өтті

          2021 жылдың  25 тамызында   Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен                        білім беру ұйымдарының басшылары мен  орынбасарларына оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға әдістемелік көмек беру мақсатында  «2021-2022 оқу жылының  және Үлгілік оқу жоспарларының ерекшеліктері» атты облыстық  онлайн семинар өтті.

          Облыстық  онлайн семинар жұмысына Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА-ның жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Жұмағұлова  Зәуре  Әбдікенқызы, аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары,  барлығы 639  адам қатысты.

          Семинар барысында Ыбырай Алтынсарин атындағы ҰБА-ның жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Жұмағұлова  Зәуре  Әбдікенқызы білім беру ұйымдарында   оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыру үшін басшылыққа алынатын  «Орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері»,   және «Үлгілік оқу жоспарларының ерекшеліктері» тақырыптарында мазмұнды  баяндама жасап,  қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға  жан-жақты түсініктеме, нақты жауаптар берілді.

          Сондай-ақ семинар барысында биылғы оқу жылында оқу процесінде екі Үлгілік оқу жоспары қолданылатыны («ҚР-ғы  бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы  8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген   (төмендетілген оқу жүктемесінде; ҚР БҒМ 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығымен бекітілген (жаңартылған мазмұнының)  үлгілік оқу жоспарлары) түсіндіріліп, оқу жүктемесіндегі биылғы басты ерекшеліктер бойынша мектеп басшыларына  ақпараттық-әдістемелік көмектер берілді.

 МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ТАМЫЗ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен  2021 жылдың 23 тамыз күні «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудағы жаңа бағдары» тақырыбында мектепалды даярлық сынып  педагогтеріне арналған Тамыз кеңесінің облыстық секциялық отырысы өтті.

Тамыз кеңесінің секциялық отырысының барысында  «Мектепке дейінгі  ұйымдар мен  мектепалды даярлық сыныптарында  тәрбиелеу-білім беру процесін  ұйымдастыру ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хаттың мазмұнын  жан-жақты түсіндірілді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін  іске асырудағы  негізі бағыттары және тәрбиелеу-білім беру процесінде «ойын арқылы оқыту» қағидасының маңыздылығы туралы мәселелер айтылып, іс-тәжірибелер таратылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналармен өзара ықпалдастықта жұмыс істеуді дамыту  қажеттігі туралы сөз қозғалды.

Секциялық отырыста қатысушыларға тәрбиелеу-білім беру процесін жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары бойынша тұжырымды идеялар ұсынылып, ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді.

Аталған іс-шараға облыстың 140 педагогі қамтылды.