ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ МЕҢГЕРУШІЛЕРІМЕН ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТТІ
2022 жылдың 19 қазанында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Педагог» кәсіби стандартын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында облыстық онлайн-кеңес өтті. Кеңеске аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.
Іс-шара барысында «Педагог» кәсіби стандарты білім берудің барлық деңгейіндегі мұғалімдердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай тірек нүктесіне айналатындығы, осы кәсіптік стандартты ескере отырып білім беру бағдарламалары, сертификаттау рәсімдері мен аттестаттау, үздіксіз біліктілікті арттырудың мазмұны әзірленеді және жаңартылатындығы, сондай-ақ, педагогикалық кадрлардың қызметі бойынша жоғарылату стратегиясы құрылатындығы туралы айтылды.