Облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындайтын конкурсы туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығына сәйкес «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беруге арналған конкурсын өткізді.
Конкурсқа облыс бойынша 34 мектеп қатысты, оның 8-і ІІ кезеңге өтті. Конкурстың ІІ кезеңіне қатысқан білім беру ұйымдарын бағалау және бәсекеге қабілеттілігін анықтау 11 рейтингтік көрсеткіштер, 34 өлшемдер бойынша жүзеге асырылды.
Конкурстық комиссия мүшелері оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау, білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау, педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау, инклюзивтік білім алуға жағдай жасау, соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы, білім беру сапасын басқару, білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша орта білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін анықтау критерийлеріне сәйкес деп танылған Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында өткен Жамбыл облысы білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясында 22 627 200 теңге гранты табыс етілді.