Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша семинар-тренинг өтті
2018 жылдың 11 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушы-профессорларына, педагогтарға жаңартылған білім беру мазмұны, критериалды бағалау қағидаттары бойынша семинар-тренинг өткізді.
Аталған іс-шараға 76 педагог қатысты.