Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту - Оқу-әдістемелік кабинет

Оқушылардың Функционалдық сауаттылықын дамыту

«Авторлық бағдарлама әзірлеу талаптары» тақырыбында семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 наурыз күні «Авторлық бағдарлама әзірлеу талаптары» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті.
Облыстық іс-шара барысында география пәнінің мұғалімдеріне авторлық бағдарламаның құрылымы мен бағдарламаны рәсімдеуге қойылатын талаптар таныстырылды. Педагогтер жұмыс дәптері мен жаңа форматтағы тапсырма түрлерін талқылады.
Аталған іс-шараға барлығы 151 педагог қатысты.

А.С.Пушкиннің 225-жылдығына орай облыстық «Мой Пушкин» сырттай байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 наурыз күні оқушылардың орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығын тануға қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасын насихаттау мақсатында облыстық «Мой Пушкин» атты сырттай байқауы өтті.
Байқауға келесі номинациялар бойынша бейнематериалдар ұсынылды:
1. «Читаем Пушкина» номинациясында А.С.Пушкиннің өлеңдерін немесе прозаларын жатқа мәнерлеп айту.
2. «Что за прелесть эти сказки!» номинациясында А.С.Пушкиннің кез-келген ертегісінің желісі бойынша бейнесахналаудан үзінді (5-7 минут).
3. «Моё любимое произведение А.С.Пушкина» номинациясында А.С.Пушкиннің шығармалары бойынша буктрейлер дайындау) (2 минут).
Облыстық байқауға аудандар мен Тараз қаласының білім мекемелерінен барлығы 43 бейнематериал ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 4 наурыз күні «Жалпы білім беру ұйымдарында сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Аталған іс-шараға 128 педагог қатысты.
Іс-шарада сөйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар мектеп оқушыларына логопедиялық көмек көрсету, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, тәрбиелеу және әрі қарай әлеуметтік бейімдеу мен қарым – қатынасының жағымды әрі тиімді жағдайларын құру жолдары туралы айтылды. Сөйлеу тілінде бұзылысы бар оқушыларды анықтап, оқушының жеке-дара ерекшеліктерін, тіл бұзылысының түрін ескере отырып жағымды психофизиологиялық жағдайды, жан-жақты түзету жұмысын жүргізу туралы ақпараттандырылды. Мұғалімдерге білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау, сөйлеу тілінің дамуы және сөйлеу дағдыларының қалыптасуы бойынша арнайы педагогикалық және психологиялық көмек көрсететін мамандарға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетілді.

«СабақTime» жобасы аясында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика пәнін оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклы өтті

2024 жылы 29 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математика пәнін оқытуда педагогтердің тәжірибелік және пәндік құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының базасында 8-11 сыныптарында озық тәжірибелі математика пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында математика пәнін оқытуда заманауи әдістемелер мен педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі,математикалық сауаттылыққа бағытталған, оқушылардың білім сапасын арттыруда оқытудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдары талқыланды. Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1гимназиясының мұғалімі Д.Естаев 11-сыныпта «Көрсеткіштік теңсіздіктер», облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының мұғалімі М.Талканбаев 11-сыныпта «Логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері», Жамбыл ауданы, Гродеково орта мектебінің мұғалімі Б.Бердимуратова 10-сыныпта «Күрделі функцияның туындысын табу»,Тараз қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Махишова 10-сыныпта «Екі нүктенің ара қашықтығын табуға есептер шығару», 8-сыныпта Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназияның мұғалімі Б.Усенова «Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары», 9-сыныпта Байзақ ауданы, Н.Гоголь атындағы орта мектебінің мұғалімі А.Спаналиева «Тригонометрия формулалары» тақырыптарында ашық сабақтар үлгілерін көрсетіп, озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Облыстық ашық сабақтар циклына жалпы 51 математика пәні мұғалімдері мен «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің математика пәнінің мұғалімдері және 118 оқушы қатысты.

«Әдебиеттік оқу сабағында білім алушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 наурыз күні «1+10» жобасы аясында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Әдебиеттік оқу сабағында білім алушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Іс-шара барсында Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі М.Куатбекова мұғалімнің зерттеу сұрағын қою, іс-әрекетін жоспарлау, АВС деңгейдегі білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау, тізбектелген сабақтарда белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шараға 272 педагог қатысты.