Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 26 ақпанында «Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру-басты талап» атты облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты білім бөлімдерінің және басқармаға қарасты мектептердің 44 әдіскер мамандары қатысты.
Семинар барысында мектептерде білім алушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік көмек берілді. Білім беру ұйымдарындағы оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыс тәжірибесін жүйелі ұйымдастыру бойынша «Оқушыларға кәсіби бағдар беру моделі» тақырыбында Т.Рысқұлов ауданындағы №1 мектеп-лицейінің кәсіби бағдар жұмысындағы тәжірибесі таныстырылды.