«Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен перспективалары» тақырыбында облыстық вебинар өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 17 наурыз күні жалпы орта білім беретін ұйымдардың инклюзивті білім беру, әлеуметтік педагогтер, психологтар мен үйден оқытатын мұғалімдері үшін «Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі заманғы тәсілдері мен перспективалары» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді.
«Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 100-ге жуық педагог қатысты. Іс-шара барысында "Өрлеу" БАҰО АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының "Әдіснама және педагогикалық инновация" кафедрасының меңгерушісі,п.ғ.к., доцент Каплиева Айгуль Кыдырбаевна Білім және ғылым министрлігінің Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға инклюзивті білім беруді дамыту тәсілдері мен перспективаларымен, заманауи және халықаралық талаптарды ескере отырып, білім беру саласындағы негізгі принциптерге, "кедергісіз орта" құру ерекшеліктері және Жапония мемлекетінің жаңаша әдістерімен бөлісті. "Назарбаев Зияткерлік мектебі" Тараз қаласындағы филиалының жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен БЖБ, ТЖБ өткізу тәртіптері бойынша тәжірибе алмасты.