«Қашықтан оқыту жағдайында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу жолдары» тақырыбында облыстық онлайн вебинар өтті
Облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 16 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қашықтан оқыту жағдайында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу жолдары» тақырыбында Zoom бейнебайланыс режимі арқылы облыстық вебинар өткізілді.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 208 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері қашықтан оқыту жағдайында бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу жолдары, оқушылардың функционалдық және сыни сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар түрлері, тест спецификация, қолжетімді нәтижені анықтайтын бағалау құралдары, білім беру платформаларын тиімді пайдалануы бойынша тәжірибе алмасып, электронды таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.