«Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбында облыстық онлайн вебинар өтті
Облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22 сәуір күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбында Zoom бейнебайланыс режимі арқылы облыстық вебинар өткізілді.
Аталған іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 300 педагог қатысты.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілінің теориясы, әдіснамасы, деректерді талдау мен тәжірибеде туындайтын кейбір мәселелерді шешу жолдары, құнды нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттер бойынша тәжірибе алмасты.