Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

 

 

Сырттай оқыту мектебінің ережесі

Ережесі

  1. Жалпы Ережелер

 

Сырттай оқыту мектебінің (әрі қарай - СОМ) қызметі оқушылардың               химия-биологиялық, физика-математикалық, тарихи-географиялық, лингвистикалық, ақпараттық (информатика) бағыттары бойынша шығармашылық, зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту үшін білім ортасын қалыптастыруға бағытталған.

 

  1. Мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Мақсаты: Қосымша білім алуда оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылығын, зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін дамыту.

 2.2. Міндеттері:

  • оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтарын арттыру;
  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
  • ақпараттық құзырлеттілігін арттыру;

 

  1. Сырттай оқыту мектебінің қатысушылары

 

Сырттай оқыту мектебіне білім беру мекемелерінің 5-9 сынып оқушылары қатысады.

 

 

  1. Сырттай оқыту мектебінде білім беру процесін жүзеге асыру түрлері:

 

  1. Оқушыларға арналған бақылау және тәжірибелік тапсырмалар.
  2. Оқушыларға қашықтық жеке кеңес беру.
  3. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу бойынша озық тәжірибелі үздік педагогтардың қатысуымен өтетін онлайн-сабақтар.
  1. Оқытуды ұйымдастыру тәртібі

4.1. СОМ-де оқыту оқу жылының қазаны мен сәуірі аралығында келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • химия-биологиялық;
  • физика-математикалық;
  • лингвистикалық;
  • тарихи-географиялық;
  • ақпараттық (информатика).

СОМ-дегі оқу процесі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері және озық тәжірибелі мұғалімдердің қатысуы арқылы жүргізіледі.

Оқыту айына 4 сабақтан аптасына 1 рет zhambul_obl_metod комнатасында өтеді. (1-ші апта – 5-6 сыныптар, 2-ші апта – 7 сыныптар, 3-ші апта – 8-сыныптар, 4-ші апта – 9 сыныптар).

Оқыту 3 бағытта ұйымдастырылады:

  • Оқу сауаттылығы - қыркүйек, желтоқсан, наурыз айлары.
  • Математикалық сауаттылығы – қазан, қаңтар, сәуір айлары.
  • Жаратылыстану сауаттылығы – қараша, наурыз, мамыр.

Әрбір бағыт бойынша қазан, ақпан, наурыз айларында оқушылар арасында оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтары бойынша «Жас білімпаз» интеллектуалды олимпиадасы өткізіледі.

 

  1. «Жас білімпаз» интеллектуалды олимпиадасына

қатысу шарттары:

Интеллектуалдық олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары қатысады. Интеллектуалды олимпиада www.zh-metod.kz сайтында онлайн түрінде өткізіледі (І кезеңде – 30 сұрақ, 60 ұпай, ІІ кезеңде – 25 сұрақ, 75 ұпай).      Олимпиадаға қатысу үшін: www.zh-metod.kz сайтының ең жоғарғы панелінде орналасқан «ҚАШЫҚТЫҚ ЖАРЫС» порталындағы «Жас білімпаз» атты тақырыпқа басу арқылы кіріп, тіркелуден өтеді:

  • «КІРУ» батырмасын басу арқылы жарыс тапсырмаларын орындайды.
  • Тестілеуді бастау үшін оқушы жарыстың үйлестірушісінен алған логин мен парольді енгізуі керек.
  • Логин мен парольді енгізгеннен кейін «Тақырып» тарауында керекті сыныпты және оқу тілін таңдау керек.
  • Жарыстың бастауынан кейін тапсырмаларды орындау үшін автоматты түрде уақытты қайта санау таймері қосылады. Тестілеуден өту үшін zh-metod.kz сайтына кіру керек.

Тексерудің қорытындылары негізінде әр сынып бойынша жарыстың І, ІІ, ІІІ жүлделі орындары анықталады.  Жарыстың аяқталуынан кейін күнтізбелік 10 күннің ішінде интеллектуалдық олимпиаданың қорытындылары                www.zh-metod.kz сайтында жарияланады.

 

Назар аудару керек:

Оқушы өзінің логині мен паролін дұрыс енгізуі керек!

  1. Беттің кездейсоқ жабылуында немесе компьютердің сөніп қалуында, логин мен парольді қайта енгізіп, жарыстың тапсырмаларын қайта орындау керек.
  2. Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін ғана, «Аяқтау» кнопкасын басу қажет.
  3. Жарысты өткізуге берілген уақыт аяқталғаннан кейін, қатысушының барлық жауаптары автоматты түрде серверге жіберіледі.

Жарыстың нәтижелері «Аяқтау» кнопкасын басқаннан кейін, сол сәтте белгілі болады.

 «Сырттай оқыту» мектебі жобасы бойынша ұйымдастырылатын жұмыстардың іс-шараларды  өткізу графигі  (2018 жылдың қыркүйек пен желтоқсан аралығы)

Дәрістердің тақырыбы

мерзімі

Жұмыс түрі

Өтетін мерзімі

Қатысушылар

Өтетін орны

Жауаптылар

«Оқушылардың мәтіндер арқылы оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында дәріс, онлайн сабақтар өткізу.

қыркүйек, желтоқсан, сәуір

Онлайн дәрістер

2 апта

13.09

6.12

сағат

16.00

5-6 сыныптар

 

 

zhambul_obl_metod

ЖапбасбаеваА.

Нұрмолдаева А.

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері және жетекші мұғалімдер

«Оқушылардың жаратылыстану ғылымындағы құбылыстарды түсіну, дәлелдеу қабілеттерін дамыту» тақырыбында дәріс, онлайн сабақтар өткізу.

қазан, ақпан, мамыр

Онлайн дәрістер

1 апта

4.10.

 

Сағат

16.00

5-6 сыныптар

zhambul_obl_metod

Жапбасбаева А.

Жатқанбаева Ғ.

география пәнінің әдіскері және жетекші мұғалімдер

«Фундаменталды математикадағы тапсырмаларды орындау» тақырыбында  дәріс, онлайн сабақтар өткізу.

қараша, наурыз, мамыр

Онлайн дәрістер

1 апта

01.11

 

 сағат

16.00

 

5-6 сыныптар

 

zhambul_obl_metod

Жапбасбаева А.

Жапбасбаева А.

Телеуова Г.

математика, физика пәндерінің әдіскері және жетекші мұғалімдер

 

«Мәтіндер арқылы оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында дәріс, онлайн сабақтар өткізу.

қыркүйек, желтоқсан, сәуір

Онлайн дәрістер

3 апта

20.09

13.12

сағат

16.00

 

7 сынып

 

 

 

zhambul_obl_metod

Жапбасбаева А.

Нұрмолдаева А.

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері және жетекші мұғалімдер

 

«Оқушылардың танымдық дағыларын қалыптастыратын тапсырмалар» тақырыбында  дәріс, онлайн сабақтар өткізу.

қазан, ақпан, мамыр

Онлайн дәрістер

2 апта

11.10.

сағат

16.00

7 сынып

zhambul_obl_metod

Жапбасбаева А.

Жатқанбаева Ғ.

география  пәнінің әдіскері және жетекші мұғалімдер

 

«Математикалық құзыреттілік арқылы сандық кеңістік және ықтималдық  теорияларын қарастыру» тақырыбында дәріс, он-лайн сабақтар өткізу.

қараша, наурыз, мамыр

Онлайн дәрістер

2 апта

8.10

сағат

16.00

7 сынып

 

zhambul_obl_metod

Жапбасбаева А.

Телеуова Г.

математика, физика пәндерінің әдіскері және жетекші мұғалімдер

«Дискретті және аралас мәтіндер арқылы оқушылардың оқырмандық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында  дәріс, онлайн сабақтар өткізу.

қыркүйек, желтоқсан, сәуір

Онлайн дәрістер

4 апта

 

27.09

20.12

сағат 16.00

 

8  сынып

 

 

zhambul_obl_metod

Жапбасбаева А.

Нұрмолдаева А.

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері және жетекші мұғалімдер

«Оқушылардың жаратылыстану құбылыстарын түсіну, дәлелдеу, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру" тақырыбында дәріс, онлайн сабақтар өткізу.

қазан, ақпан, мамыр

Онлайн дәрістер

3 апта

18.10

сағат

16.00

 

8 сынып

 

 

zhambul_obl_metod

Жапбасбаева А.

Жатқанбаева Ғ.

география пәнінің әдіскері және жетекші мұғалімдер

«Математикалық тапсырмалар арқылы айнымалылар арасындағы тәуелділікке тапсырмаларды шешу жолдары» тақырыбында дәріс, онлайн сабақтар өткізу

 

қараша, наурыз, мамыр

Онлайн дәрістер

3 апта

15.11

сағат 16.00

 

8 сынып

 

zhambul_obl_metod

Жапбасбаева А.

Телеуова Г.

математика, физика пәндерінің әдіскері және жетекші мұғалімдер

«Оқушының 4 оқырмандық құзыреттілігін дамыту тапсырмалары»  тақырыбында дәріс, онлайн сабақтар өткізу

қыркүйек, желтоқсан, сәуір

Онлайн дәрістер

4 апта

27.09

20.12

сағат 16.00

 

9  сынып

 

 

zhambul_obl_metod

Жапбасбаева А.

Нұрмолдаева А.

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері және жетекші мұғалімдер

Қашықтықтан оқыту мектебін ұйымдастыру туралы

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

  1. Ереже педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында қашықтықтан оқыту мектебінің жұмысын және оны барлық білім беру ұйымдарында жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау тәртібін анықтайды.
  2. Ережені облыстық оқу-әдістемелік кабинеті, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері, педагогтар қолданады.
  3. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

1) білім беру порталы – әкімшілік, ақпараттық, коммуникативтік әдістемелік, бақылау және т.б. түрлі функцияларды атқаратын қашықтықтан оқыту үдерісін қамтамасыз ететін бірнеше сайттар жиынтығы;

2) қашықтықтан оқу – заманауи ақпараттық технологияларды  пайдалану негізінде жүзеге асырылатын өз бетімен оқу формасы. Оқу қашықтықтан, тыңдаушы мен тьютордың (модератордың) жеке байланысы арқылы ұйымдастырылады;

3) өз бетімен оқу (ағылш. Self-instruction) – тыңдаушының ұсынылған аудио, бейне және мәтіндік материалдарды үлкен жауапкершілігі мен өзіндік тәртібі негізінде тьютордың (модератордың) қатысуынсыз білім және тәжірибе алу;

4) электронды білім беру ресурстары (ЭББР)-курс бойынша электронды ортада оқу үдерісін сүйемелдеуге және ұйымдастыруға арналған электронды-сандық үлгідегі (білім беруші, бақылаушы, анықтамалық-ақпараттық және т.б. материалдар) білім беру қорлары;

5) контент-оқу материалдарының ақпараттық мазмұны (мәтіндер, сызбалар мультимедиа және т.б. ақпараттық маңызды толықтырулар);

6) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім беру мекемелерінде оқитын тұлға;

7) тьютор (модератор) – білім алушыларға оқытушы оқытатын пәнді меңгеруге көмектесетін тұлға;

8) тыңдаушы білімін аралық бақылау – курстың білім беру бағдарламасы модулінің бөлігі немесе барлық көлемін меңгергеннен кейінгі оның мазмұнын тыңдаушының меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін әрекет;

9) тыңдаушы білімін қорытынды бақылау – курстың білім беру бағдарламасының көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін әрекет;

10) өзіндік жұмыс – тыңдаушының тьютормен тығыз байланыспен орындайтын оқу жұмысының түрі:

11) вебинар – (ағыл.сөзі «webinar», «web-based seminar») – веб-технологияның көмегімен тікелей трансляция жүйесінде ұйымдастырылатын онлайн-семинар, дәріс, таныстырылым. Әрбір қатысушы орналасқан жері мен географиясына қарамастан, өз компьютерінің алдында болады;

12) онлайн-форум – веб-сайт қатысушылары арасында онлайн-пікірталас жүргізуге арналған интернет-сервис;

13) онлайн-кеңес беру – онлайн режимінде тьютордың (модератордың) тыңдаушыға көрсетілетін жеткілікті, мобильді, кәсіби және әдістемелік көмегі.

  1. Қашықтықтан оқуды ұйымдастыруда білім беру үдерісі тыңдаушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға және дамытуға арналған оқытудың түрлі формаларын біріктіруге негізделеді. Біліктілікті арттыру жүйесіндегі оқытудың негізгі мақсаттары:

- білім беру саясатының заманауи талаптарына және білім берудегі инновациялық үдерістерге сәйкес келетін өзекті біліктілікті арттыру бағдарламаларын даярлау және оларды жүзеге асыру;

- педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіне қашықтықтан оқыту технологияларын ендіру;

- заманауи педагогикалық технологияларды, оның ішінде педагогтердің тәжірибелік жұмысына негізделген ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу;

- педагог кадрлардың қосымша білім беру бағдарламалары бойынша сапалы білім беру қызметтерін ұсыну;

- тыңдаушылардың білім алуына арналған қолайлы жағдайлар жасау және білім беру үдерісінің ресурстық тиімділігін арттыру.

ІІ. Оқу үдерісін ұйымдастыру

 

  1. Қашықтықтан оқыту мектебінде алғашқы күні әрбір тыңдаушы:
  • білім беру порталына кіру қолжетімді болуы үшін жеке логин мен пароль алады;
  • білім беру порталы жұмысымен танысады;
  • онлайн кіріс сауалнамасын толтырады;
  • жоба жұмысының не шағын-сабақтың (шағын шараның) тақырыбын таңдайды.
    1. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары екі кезеңнен тұрады: қашықтықтан оқу (онлайн-online), өз бетімен оқу (оффлайн-off-line). Оқу үдерісін жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқу құрылымының элементтерін қолдана отырып, тыңдаушылар оқу материалының белгілі бір бөлігін дәстүрлі оқу түрінде, ал оқу материалының қалған бөлігін өз бетімен меңгереді.
    2. Қашықтықтан оқу жоғары интербелсенді оқу контентімен және тыңдаушылардың тьютормен, бір-бірімен жүйелі қарым-қатынаста болуымен сипатталады. Оқытушының педагогтармен аудиториялық бетпе-бет жұмысы онлайн, нақты тақырып бойынша дәріс, практикалық сабақтар, тренингтер, семинарлар, кеңес беру түрінде жүргізіледі.
    3. Қашықтықтан оқу режиміндегі білім берудегі оқу уакыты мынадай арақатынасты құрайды.

Екі апталық қашықтықтан оқыту - вебинар, online-форум, online- кеңес беру;

- ТарМПУ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, ТИГУ, «НЗМ» ДББҰ ПШО, «Өрлеу» БАҰО-ның оқытушы-ғалымдары мен тренерлерінің дәрістері тыңдалады.

- өз бетімен оқу (ЭББР көмегімен білім беру порталында off-line режимінде оқу).

  1. Электрондық білім беру ресурстары (ЭББР) келесі кешендерден тұрады:
  • Білім беру бағдарламасы, оқу-тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі;
  • Видеоның (курсқа, модульдерге, модуль тақырыптарына) электрондық мәтіндік материалдары.
    1. Білім беру порталындағы бағдарламалық материалдарын меңгеру үшін тыңдаушыларға: курстың модульдердің видеолары, барлық видеоларға арналған мәтіндік материалдар, тақырыптарға арналған толық мәтіндік материалдар, әрбір модуль мен тақырыптар бойынша таныстырылымдар, пайдаланған әдебиеттер мен ТӨЖ тапсырмалары ұсынылады.

 

ІІІ. Білім беру үдерісіндегі нәтижелерді бағалау

 

  1. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда тыңдаушылардың білімін бағалау және бақылау өзіндік жұмыс, жоба жұмысын қорғау немесе шағын сабақ көрсетілімі (шағын іс-шара), аралық және қорытынды тестілеу арқылы жүргізіледі.
  2. Тыңдаушыларды аралық тестілеу 35 сұрақтан тұратын онлайн тест түрінде тапсырылады. Тыңдаушы аралық тестілеуді сәтті тапсыру үшін 70%-дан жоғары дұрыс жауаптарды таңдауы қажет.
  3. Жоба жұмыстарының немесе шағын сабақтардың тақырыптары (шағын іс-шара) оқыту барысында білім беру порталында жарияланады. Орындалған жоба жұмыстары немесе шағын сабақтарды (шағын іс-шара) тьютордың тексеруі үшін білім беру порталының «Онлайн тестілеу» бөліміне бекітіледі.
  4. Онлайн тестілеудің нәтижесі мен қорғалған жлбалар бойынша педагогтарға қашықтықтан оқыту мектебінің сертификаттары беріледі.

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ

Үстіміздегі жылдың 6 сәуірінде жалпы білім беретін орта мектептердегі жас мамандардың қатысуымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиада  өткізілді. 

Олимпиада жас ұстаздардың педагогикалық шығармашылық нәтижелерімен, жобаларымен, педагогикалық идеяларымен танысу, ұстаздардың жеке шығармашылығының кеңістігін шоғырландыруға, шығармашылық ізденушілік бағытын таңдауға, педагогикалық өз ойын білдіру тәсілдерін және жеке шығармашылық жолын табуға мүмкіндік жасау, педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және шығармашыл педагогтарды анықтау, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдатырылды.
Іс-шараға 16 жас маман қатысып, 11-і жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар педагогтар ағымдағы жылдың 4-5 мамыр аралығында Семей  қаласында өтетін республикалық олимпиадаға қатысады.