Категория 1 - Оқу-әдістемелік кабинет

Категория 1

«ТІРЕК МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН БАСҚАРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАР МЕН ШЖМ-ІҢ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН  ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК  СЕМИНАР ӨТТІ. 
2018 жылдың 18 мамыр күні Т.Рысқұлов ауданындағы Мұхтар Әуезов  атындағы тірек  мектебінің (РО) базасында «Тірек мектеп жағдайында инновациялық білім беру үдерісін басқарудың  педагогикалық шарттары» тақырыбында  ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Семинар жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жаратылыстану-математикалық білім беру зертханасының меңгерушісі, доцент  Ш. М. Шуиншина, аудандық,  білім бөлімдерінің әдіскерлері, тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың), ШЖМ-нің басшылары, барлығы 60 педагог қатысты.
Семинарға қатысушылар тірек мектебі жағдайында инновациялық білім беру үдерісін басқарудың педагогикалық шарттарымен танысып, өзекті мәселелерді, ұсыныстарды, ескертулерді ортаға салып пікір алмасты.

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАЗМҰНЫ МЕН САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Ағымддағы жылдың 4 мамырында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Мектепке дейінгі мекемелер, мектепалды даярлық және «Өзін-өзі тану» пәні бөлімінің ұйымдастыруымен  Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы №15 орта мектептің базасында мектепалды даярлық сынып педагогтеріне арналған «Мектепалды даярлықтағы білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында мектепалды даярлық сынып педагогтарына арналған аймақтық семинар-практикум өтті.

Семинарға 9 аудан және Тараз қаласынан 26 педагог қатысып, «Кембридждік әдіс - тәсілдер, мектепалды даярлықта Постер қорғау» арқылы мектепалды даярлықтағы  балалардың танымдық процесін, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту бойынша іс-тәжірибе алмасты.
Іс-шара барысында аудандағы мектепалды даярлық топ педагогтері ұйымдастырылған оқу-қызметтерін көрсетіп, мектеп психологі А.Сабырқызы «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, әрбір еңбегі де жемісті!» тақырыбында тренинг жүргізді.
Семинар-практикумның қорытынды бөлімінде қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, іс-шараға белсене қатысқан мектепалды даярлық топ педагогтарына сертификаттар берілді.

аааааааааааааа

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН 9 ҰСТАЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

2018 жылдың 3-5-мамыр аралығында білім және ғылым Министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйытқы болуымен Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі базасында «Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты ХІІІ республикалық педагогикалық олимпиада өтті. 

Жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге болашақ мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткен республикалық педагогикалық олимпиадаға облыстан 11 жас маман қатысып, 9-ы жеңімпаз атанды.
Байқау қорытындысы бойынша І-ші орынды Меркі ауданы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Жүндібаева жеңіп алды. Ал Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Баймамырова, Жамбыл ауданы Ә.Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі М.Сүйінбеков, Меркі ауданы №9 В.Савва атындағы  орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Идрисова, №5 Ақарал орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Джадраев, №17 И.Трубицын атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ж.Тұрсынов, Мойынқұм ауданы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Алменова, Талас ауданы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі А.Тайшикова жүлделі ІІІ орындарды иеленді. Сондай-ақ Тараз қаласы Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі П.Тажибаева  номинация иегері атанды. 
Сайыс жеңімпаздары «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Қашықтан оқыту мектебінің жұмыс жүйесі