БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

«Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті

2018 жылдың 20 қыркүйек  күні  педагог-психологтарға және әлеуметтік педагогтарға арналған «Репродуктивті денсаулықтың маңызы мен өзектілігі» тақырыбында  облыстық  оқыту семинары   өткізілді, барлығы 56 педагог  қатысты.

Іс-шара барысында  қазіргі  заманғы  бала  тәрбиесіндегі ата-аналардың  жауапкершілігі, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, репродуктивті денсаулықтың өзекті мәселелері қарастырылып,   іс-тәжірибелерімен бөлісті және электронды таратпалы материалдар таратылды.

«Үш тілді оқытуды жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінің ағылшын тілінде оқытылуына байланысты ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде «Үш тілді оқытуды жүзеге асырудағы мәселелер» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Онлайн семинарда «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқытудың жартылай және толықтай режимде жүзеге асырылуы туралы, 7-8 сыныптарда аталған пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы туралы мәселелер қаралды.

Интерактивті дәріс өтті

 Облыстық білім басқармасы және Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасымен 2018 жылдың 12 қыркүйегінде жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларына «Мемлекеттік дін саласындағы саясатының басым бағыттары мен міндеттері», «Ислам дінінің Қазақстанда таралу тарихы» тақырыптарында интерактивті дәріс өткізді. Облыстық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Есмаханов Еркебұлан Нұрғалиұлы онлайн режимінде дәріс оқыды. Дәріске облыс бойынша 9-11 сыныптардың оқушылары  қамтылды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 18 қыркүйегінде zhambul_obl_metod бөлмесінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері «Әдебиет сабағында айтылым дағдысын дамыту жолдары», «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытуды жоспарлаудағы оқу мақсаттары мен әдіс-тәсілдер сабақтастығы», «Оқушының танымдық қабілетін дамыту жолдары», «Оқылым мен жазылым дағдыларын дамытудағы жазба жұмысының рөлі»  тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын  өткізді. Аталған іс-шараға облыстың 1647 педагогі қамтылды.

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

Бүгін облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция – қоғам мен мемлекеттің жаңғыруының неігізі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынға облыстағы ЖОО ғалымдары, аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары қатысты.