БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Мектеп басшыларына арналған облыстық семинар-тренинг өтті

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 28 қарашасында №30 мектеп-гимназияның базасында «Bilim Media Croup – интерактивті білім беруді ұсынатын «BilimLand.kz» электронды білім беру контенті» атты облыстық семинар-тренинг өтті.

Облыстық семинар-тренингке облыстық, аудандық, Тараз қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлер, мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, барлығы 362 педагог қатысты.

          Іс-шараға қатысушылар Bilim Media Croup – интерактивті білім беруді ұсынатын «BilimLand.kz», «imektep.kz», «iTest.kz» электронды білім беру контенттерінің жұмыс жүйесімен танысып, оқытуда сандық технологияны қолданудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары бойынша әдістемелік көмектер алды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында орыс тілі пәнінің мұғалімдеріне онлайн режимінде шеберлік сыныптары өтті

2018 жылдың 28 қарашасында zhambul_obl_metod бөлмесінде облыстық  дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған    «Білім–Инновация» мектеп-интернатының озық тәжірибелі мұғалімдері

«Коммуникативная методика преподавания русского языка»,  «Пути совершенствования преподавания русского языка в школах с казахским языком обучения в рамках обновления содержания среднего образования» тақырыптарында орыс тілі пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде шеберлік сыныптарын өткізді. Аталған іс-шараға облыстың  355 педагогі қамтылды.

«Жазғы мектеп» жобасы аясында  қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің мұғалімдеріне ашық есік күні өтті

2018 жылдың 23 қарашасында  облыстық ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының базасында «Жаңартылған білім мазмұны аясында қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы  пәндерді оқытуда интербелсенді әдістерді тиімді қолдану» тақырыбында облыстық  ашық есік күні өтті. Аталған іс-шарада жоғары санатты пән мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шараға облыстың 56 пән мұғалімдері қамтылды.

Облыстық «Oqy, tap» онлайн байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 қараша күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 5-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Oqy, tap» онлайн байқауы өткізілді.

Байқаудың көркем шығармадан алынған үзіндіні табу кезеңінде оқушылар көркем шығарманың авторын, үзіндінің қай тараудан алынғанын нақты көрсете білді. Көркем шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру кезеңінде берілген шығарманың композициясы бойынша сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде оқушылар алынған көркем шығарманың негізінде эссе жазды.

Байқауға тіркелген қатысушылар саны - 1560, соның ішінде                     І кезеңге 546 қатысушы, ІІ кезеңге - 228 қатысушы қатысты. ІІІ кезеңге           193 қатысушы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлделі орындарға ие болып, облыстық білім басқармасының бағалы сыйлықтармен және дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, оқушылары белсене қатысқан Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының, Меркі ауданы, №14 М.Жылысбаев атындағы орта мектебінің директорлары алғыс хаттарға ие болды.

Байқау қатысушыларына арналған «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына экскурсия  ұйымдастырылды.

«Жаңартылған білім беру – нәтижелі білім  негізі»  тақырыбында аймақтық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен  2018 жылдың 23 қараша күні  Мойынқұм ауданы, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының базасында «Жаңартылған білім беру – нәтижелі білім  негізі»  тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық  білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін аймақтық семинар-практикум өтті.

Аталған іс-шараға  58  педагог  қатысты.

Семинар-практикумда мұғалімдер оқыту  үрдісінде критериалды бағалауды тиімді қолдану жолдары бойынша тәжірибе алмасып, электронды дидактикалық таратпалы  материалдармен қамтамасыз етілді.