Облыстық «Oqy, tap» онлайн байқауы өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27 қараша күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 5-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Oqy, tap» онлайн байқауы өткізілді.
Байқаудың көркем шығармадан алынған үзіндіні табу кезеңінде оқушылар көркем шығарманың авторын, үзіндінің қай тараудан алынғанын нақты көрсете білді. Көркем шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру кезеңінде берілген шығарманың композициясы бойынша сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде оқушылар алынған көркем шығарманың негізінде эссе жазды.
Байқауға тіркелген қатысушылар саны - 1560, соның ішінде І кезеңге 546 қатысушы, ІІ кезеңге - 228 қатысушы қатысты. ІІІ кезеңге 193 қатысушы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлделі орындарға ие болып, облыстық білім басқармасының бағалы сыйлықтармен және дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, оқушылары белсене қатысқан Байзақ ауданы, Сарыкемер мектеп-гимназиясының, Меркі ауданы, №14 М.Жылысбаев атындағы орта мектебінің директорлары алғыс хаттарға ие болды.
Байқау қатысушыларына арналған «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына экскурсия ұйымдастырылды.