БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

VI халықаралық математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауында 6 ұстаз жеңімпаз атанды

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы мен «Қазақстанның математика пәні мұғалімдерінің ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 1-2 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің VI халықаралық шығармашылық байқауы өтті.

 Шығармашылық байқаудың мақсаты- мұғалімнің мәртебесін көтеру, білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру, қазақстандық білім беру жүйесіне халықаралық тәжірибені тарату, ең үздік мұғалімдер арасында қарым-қатынасты жақсартып, бәсекеге қабілетті ету.

 Байқау мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырды. Байқау екі бөлімнен тұрды.Бірінші бөлімінде теориялық, екінші бөлімінде методикалық есептер берілді.

 Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша облыстан қатысқан

11 педагогтың 6-ы  жүлделі орындарға ие болып, командалық есепте III-орынды иеленді. Жеңімпаздарды атап айтсақ:

II-орынды Тараз қаласы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Рысбаев Жомарт Бейбітханұлы;

III - орынды Тараз қаласы  №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Мұратбаев Айбек Серікұлы;

IV - орындарды Тараз қаласы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы,Тараз қаласы ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының физика пәнінің мұғалімі Чижевская Дарья Константиневна,Тараз қаласы №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының математика пәні Қайырбай Сұлтанғазы Құрманғазыұлы, Тараз қаласы №45 қазақ классикалық гимназиясының математика мұғалімі Кеңесов Бауыржан Бақытжанұлы;

Педагогтарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын  40 базалық   мектептердің  6-8 сыныптарға  сабақ беретін  мұғалімдері мен мектеп директорларына арналған облыстық  семинар-практикум өтті

          2018 жылдың 5 желтоқсан күні  Назарбаев Зияткерлік мектебінің  базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық іс-тәжірибесін тарататын  40 базалық   мектептердің  6-8 сыныптарға  сабақ беретін  мұғалімдері мен мектеп директорларына арналған «Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы  пәндерінің оқыту ерекшелігіне сәйкес оқытудағы белсенді тәсілдерін  жүзеге асыру әдістері мен стратегиясы» тақырыбында облыстық    семинар-практикум өткізілді. Аталған іс-шараға 138 педагог қатысты.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдері  қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша «Эссе жазу мен оны бағалау»,   «Сабақта оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететін тапсырмаларды әзірлеу»,  Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы жаттықтырушылары «Тиімді сабақ басқаруға арналған тайм-менеджмент»,  «Сабақты бірлесіп жоспарлау» атты шеберлік-сыныптарын өткізді.  Мектеп директорлары  «Мектеп қызметін жоспарлау»,  «Эмоционалдық зияттың құзыреттілігі мен модельдері» тақырыптар бойынша тәжірибе алмасты.  Сонымен қатар, Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері ағылшын тілінде сабақ беретін әріптестерін CLIL технологиясын қолданудың жолдарымен таныстырды.

Ағылшын, физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдеріне облыстық ашық есік күні өтті

2018 жылдың 30 қарашасында облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің базасында «Ағылшын тілінің білім сапасын арттырудағы белсенді әдістер» тақырыбында облыстық  ашық есік күні өтті. Аталған іс-шарада жоғары санатты пән мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шараға облыстың 54 пән мұғалімдері қамтылды.

Аудандарда әдістемелік десанттар өтті 

Педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында 2018 жылдың 29 қараша күні          Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарының әдістемелік кабинеттері әдістемелік десанттар өткізді.

Іс-шара барысында мектеп директорлары, мектеп директорының орынбасарлары, пән мұғалімдері, барлығы 283 педагогқа әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік десантта әдіскерлер мен озық тәжірибелі мұғалімдер сабақтарға қатысып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған панорамалық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

«Подходы к оцениванию учебных достижений учащихся» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 30 қараша күні  Тараз қаласы А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясының  базасында  «Подходы к оцениванию учебных достижений учащихся» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен аудандық  білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.

Аталған іс-шараға  78  педагог  қатысты.

Іс-шара  барысында бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңартылған білім беру бағдарламасының тәжірибеде қолдану барысы бойынша 2 сыныптардың математика, орыс тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану, көркем еңбек пәндерінен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ сабақтың мақсаты бойынша бағалау критерийлерін құру, бағалау критерийлерінің негізінде тапсырмаларды таңдау, тапсырманың мазмұнына сәйкес дескриптор құру, оқытудың белсенді әдістері,  қалыптастырушы  бағалау  мен кері байланысты жүргізудің тиімді жолдары, сабақтағы оқушы рефлексиясы және сабақтан кейінгі мұғалімнің  рефлексиясы  бойынша   жұмыс түрлері  ұсынылды.

Семинардың соңында  мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауап алды.