БАСТЫ БЕТ - Оқу-әдістемелік кабинет

БАСТЫ БЕТ

Әдістемелік ресурстық орталықтар желісі - ауыл мектептерінің білім сапасын қамтамасыз ету құралы.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 наурыз күні "Ауыл мектептері үшін әдістемелік ресурстық орталықтар желісін құру туралы" тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға облыстағы аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет жетекшілері мен әдіскерлер , барлығы 43 қызметкер қатысты.
Семинар барысында ауыл мен қала мектептердің білім сапасындағы арақашықты жоюдағы әдістемелік ресурстық орталықтардың маңыздылығы талқыланып, оларды ашу алгоритімі қарастырылды. .
Қазір облысымызда жалпы орта білім беру ұйымдар инфрақұрлымы 445 мектептің тұрады. Олардың 21,3% (95) қалаларда орналасса, 78,7% (350 ) ауылдық мекендерде орналасқан. Ауылдық 350 мектептің 132 -і –шағын жинақты мектептер.
Биылғы оқу жылында 445 мектептерде 233 141 оқушы дәріс алуда, олардың 133 308 (57,2%) ауылдық, 99833 (42,8%) қалалық мектептерінде оқиды. Ағымдағы оқу жылында 445 мектепте 26 425 педагогтер жұмыс атқаруда, олардың – 17130 (64,8 %) – ауыл, 9295 (35,2 %) қала мектептерінде жұмыс атқаруда.
Семинар-кеңес барысында өңірдің ауыл мектептерінің білім сапасына кері әсер ететін факторларды айқындалып, ауыл мектептерінің білім сапасын қамтамасыз ету жолдары кеңінен талқыланды.
Аталған факторлардың ең маңыздысы – ауылдық мектеп педагогтерінің академиялық дайындық деңгейінің төмендігі. Сондықтан ауыл педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін үздіксіз жетілдіруі – білім сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторы болып тұр.
Семинар барысында білім берудің мазмұндық, цифрлық трансформациялау жағдайында ауыл мектеп педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін курсаралық кезінде үздіксіз жетілдіру жолдары қарастырылып, желілік әдістемелік ресурстық орталықтар арқылы жетілдіру жүйесі ұсынылды. Өңірдегі аулыдқ мектептер үшін 50 жұық әдістемелік ресурстық орталықтар жұмысын жолға қоюды жоспарланды.
Ағымдағы оқу жылдың соңына дейін әдістемелік ресурстық орталықтар арқылы облысымыздағы ауыл мектептердің жылдық оқу-тәрбие, жұмыстық оқу, даму жоспарлары мен бірге әдістемелік бірлестіктердің жоспарларын бірінғайландыру жұмыстары жүргізілмек.

Қордай, Т.Рысқұлов аудандарындағы эксперименталдық алаңдардың жұмыс барысы туралы семинар-кеңес өтті

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 18 наурыз күні «Қордай, Т.Рысқұлов аудандарындағы эксперименталдық алаңдардың жұмыс барысы» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға облыстағы эксперименттік алаң басшылары, эксперимент жұмысына жауапты педагогтер мен ғылыми жетекшілері, барлығы 62 қызметкер қатысты.
Семинар барысында Қордай ауданындағы Д.Қонаев атындағы №1 мектеп- гимназиясы директоры Сарғасқаева Суджата Саятқызы «Білім беру мазмұны жаңартылу жағдайындағы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелеудің ұйымдастыру-педагогикалық шарттары». әл-Фараби атындағы №51 орта мектеп директоры Буйімбаев Біржан Мұнашбекұлы «Ауыл мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етудегі әдістемелік ресурстық орталық жұмысының ұйымдастыру-педагогикалық шарттары», Т.Рысқұлов ауданындағы А.Бөкейханов атындағы орта мектептің директоры Дайрабаева Шолпан Еркетайқызы «Ауыл мектеп жағдайында оқушылардың сыни ойлау және эмоционалды интеллектісің дамытудың ұйымдастыру-педагогикалық негіздері» тақырыптарындағы эксперименттердің тәжірибелік кезеніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық презентациялар жасады.
Семинар-кеңес барысында аталған білім ұйымдарындағы оқу, тәрбие, қосымша білім беру үдерістері мен басқару жүйелеріне еңгізілген өзгерістер, олардың тиімділігі туралы рефлексия жүргізілді.
Семинар барысында Қордай ауданындағы Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясында білім беру мазмұны жаңартылу жағдайындағы оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиелеудің, Т.Рысқұлов ауданындағы А.Бөкейханов атындағы орта мектепте ауыл мектеп жағдайында оқушылардың сыни ойлау және эмоционалды интеллектісің дамытудың теориялық модельдері ұсынылып, осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігі талқыланды. әл-Фараби атындағы №51 орта мектебінде шекаралас ауыл мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуде әдістемелік ресурстық орталық жұмысының маңыздылығы, желілік кәсіби қауымдастықтардың мүмкіншіліктері қарастырылды.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия, биология пәндерінен сабақ беретін жас мамандарға семинар өтті

2024 жылдың 15 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі химия, биология пәндерінің мұғалімдері «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру-заман талабы», «Разработка и применение заданий формата МОДО по химии», «Разработка и применение заданий формата PISA по биологии» тақырыптарында жас мамандарға семинар өтті.
Семинар барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда PISA халықаралық зерттеуіндегі және ББЖМ-де кездесетін тапсырмаларды құрастыру мен шешудің тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері көрсетіліп, әдістемелік көмек берілді. Педагогтер өзара тәжірибесімен бөлісті. Аталған іс-шараға облыстың 76 педагогі қатысты.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы информатика, география пәндерінен сабақ беретін жас мамандарға шеберлік сынып өтті

2024 жылдың 18 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының озық тәжірибелі математика, география пәнінің мұғалімдері «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары», «География пәнінен жаратылыстану сауаттылығын арттыруға арналған әдіс-тәсілдер» тақырыптарында шеберлік сынып өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша ҰБТ-ға дайындаудың және онлайн платформаларды қолдану арқылы тапсырмалардың тиімді жолдары мен тәсілдерін көрсету арқылы ұсынымдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Педагогтер өзара іс - тәжірибесімен бөлісті. Дидактикалық материалдардың электронды нұсқасы таратылды. Аталған іс-шараға облыстан 87 педагог қатысты.

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы физика пәнінен сабақ беретін жас мамандарға вебинар өтті

2024 жылдың 13 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» жобасы негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден сабақ беретін жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының тәжірибелі физика пәнінің мұғалімі А.Аманжол «Разработка и применение заданий формата МОДО по физике» тақырыбында жас мамандарға вебинар өтті.
Іс-шара барысында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша ББЖМ-дегі кездесетін деңгейлік тапсырмаларды анықтау, құрастыру және шешудің тиімді шығару жолдары мен әдіс-тәсілдерін қолдану құрылымы көрсетілді. Педагогтерге әдістемелік көмек берілді, өзара іс - тәжірибесімен бөлісті. Аталған вебинарға облыстың 74 педагогі қатысты.