«Музей мен тарихи орындарда тарих сабақтарын ұйымдастыру: Ізденіс.Тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті
2024 жылдың 15 наурыз күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Музейде бір күн» жобасы аясында аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Музей мен тарихи орындарда тарих сабақтарын ұйымдастыру: Ізденіс.Тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Іс-шараның мақсаты – «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында өлкетану бағытындағы білім беру жүйесін жетілдіру және жеке тұлғаны тәрбиелеуде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы өлкетану компонентінің маңыздылығы мен рөлін озық тәжірибелер арқылы насихаттау, тәжірибе алмасу.
Семинар-практикум барысында педагогтерге «Музейде бір күн» жобасының өзектілігі мен перспективалары, облыстың тарихи және қасиетті орындары, облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-ағартушылық жұмыстары, тарих және өлкетану сабақтарында ашық аспан астындағы музейдің рөлі, өлкетану сабақтарында цифрлық қосымшаларды қолданудың ерекшеліктері, тұлғатану сағаттары мен ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары туралы ақпарат беріліп, материалдар таратылды. Педагогтер шеберлік сыныптарын көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Іс-шараға ғалымдар, музей қызметкерлері, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, тарих пәнінің мұғалімдері, барлығы 60 педагог қатысты.