«Мұғалімнің зерттеушілік қызметі» тақырыбында облыстық конференция өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Педагогикалық шеберлік орталығы және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, 2019 жылдың 30 наурыз күні «Мұғалімнің зерттеушілік қызметі» тақырыбында облыстық конференциясын өткізді.
Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында өткізілген іс-шараға 127 педагог қатысты.
Іс-шара бағдарламасына сәйкес 7 бағыт бойынша 2 сессия (баяндамалар және постерлік) ұйымдастырылды. Конференция қатысушылары болашақ технологиялар мен білім беру ресурстары, мұғалімдерді оқыту, кәсіби дамыту және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, куррикулум және пәндер, көптілді білім беру, мектептегі бағалау, сабақ беру және оқыту әдістері, жобаларды дамыту және зерттеу нәтижелері, теория, тәжірибе және білім зерттеулерінің этикасы бойынша тәжірибе алмасты.