Халықаралық TALIS-2018 зерттеуі өткізілуде
2018 жылдың 26 ақпан мен 31 наурыз аралығында Қазақстанда алғашқы рет Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі (TALIS) өтеді. Зерттеуді Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы үйлестіреді. Зерттеуге Қазақстанның 331 мектебі халықаралық іріктеуден өтті. Зерттеуге әр мектептен бір директор және іріктелген 20 педагог қатысады. Мектептердің репрезентативті іріктелуі Халықаралық зерттеу консорциумымен анықталды. 331 мектептің директорлары мен оның мұғалімдерінің сауалнамаға берген жауаптары барлық мемлекеттік педагогтардың дауысын білдіретін болады.