«Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті
2019 жылдың 11 сәуір күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Облыстық онлайн семинарға 11 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері (орыс тілі мен әдебиеті, тарих, химия, биология), барлығы 683 педагог қатысты.
Семинар жұмыстарында ҰБТ бойынша білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған шеберлік сыныптары өткізіліп, электронды таратпалы материалдар ұсынылды.