«Физика, математика пәндерін оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары» тақырыптарында облыстық вебинар өтті
2021 жылдың 3 ақпан күні облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Физика, математика пәндерін оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдары» тақырыптарында Байзақ (Н.Ақшабаев атындағы о/м), Жамбыл (№1 о/м), Жуалы (№19, №29 о/м), Қордай (№27, №43 о/м), Т.Рысқұлов (Ақтоған, Ә.Бөкейханов атындағы о/м), Сарысу (Абылай хан, Б.Адамбаев атындағы о/м), Талас (А.Пушкин атындағы о/м) аудандарының және Тараз қаласының (№3, №25, №47 о/м) 14 мектебіне облыстық вебинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – физика, математика пәндерін мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.
Вебинар барысында физика, математика пәндерін оқытудың ерекшеліктері, әдістемелік бірлестік жұмысы, тәлімгерлік, жас мамандармен жұмыс жүргізу бағыттары, жиынтық бағалау тасырмаларын, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру аясында TIMS,PISA зерттеулерінің тест тапсырмаларының құрылымы бойынша әдістемелік ұсынымдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шараға аудандар мен Тараз қаласы мектептерінен 89 физика, математика пәні мұғалімдері қатысты.