«Қашықтан оқыту кезінде ата-аналармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық вебинар өтті
2021 жылдың 12 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтарына арналған «Қашықтан оқыту кезінде ата-аналармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық вебинар (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді, барлығы 143 педагог қатысты.
Вебинар барысында әлеуметтік-психологиялық қызметте ата-аналармен қашықтан оқыту жағдайында жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері мен жұмыс бағыттарын жетілдіру бойынша ұсынымдар беріліп, жаңашыл идеяларымен алмасып, әдістемелік көмек берілді.