«Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды шешу мен алдын алу шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар (zoom бейнебайланыс режимінде) өтті
2021 жылдың 11 ақпан күні мектеп директорының құқықтық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге арналған «Жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық қақтығыстарды шешу мен алдын алу шараларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық вебинар (zoom бейнебайланыс режимінде) өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 126 педагог қатысты.
Вебинарға қатысушылар тәрбиенің құқықтық бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмектер алды, тиімді әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті, тәжірибе алмасты және таратпалы материалдармен қамтамасыз етілді.