Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 14 сәуірінде бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау жолдары» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті.
Іс-шара барысында бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің алгоритмі, тапсырмаларға қойылатын талаптар, бағалау қағидаттарына және тапсырма түрлеріне (жабық, ашық) мысалдар арқылы кеңінен тоқталды.
Облыстық онлайн семинарға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінен 232 педагог қатысты.