«География сабағында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өтті
2021 жылдың 9 сәуір күні «Үздік педагог шеберханасы: Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» жобасының аясында республикалық «Үздік педагог-2016» байқауының жеңімпазы, Шу ауданы, М.Мақатаев атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі А.Е.Баетованың «География сабағында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбы сыныбы өткізілді.
Іс-шара барысында А.Е.Баетова «Менің жүрегімнің мектебі» бейнетаспасы, электрондық портфолиосының мазмұны мен «География сабағында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту» атты шығармашылық тақырыбындағы жинақталған іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқушының пәнді терең түсіну қабілеті мен жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыта отырып, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуі және шығармашылық ойлауын дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыру жолдарын көрсетті.
Іс-шараға облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдері мен облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, әдістемелік кабинеттің меңгерушілері мен әдіскерлері, мектеп директорлары мен директордың ғылыми-әдістемелік, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, озық тәжірибелі педагогтар, жалпы 152 педагог қатысты.