Облыстық тамыз кеңесі аясында бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалымен бірлесе отырып, 2021 жылдың 18 тамызында «Жалпы білім беретін мектептерде бастауыш білім берудің жайы мен 2021-2022 оқу жылындағы міндеттері» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секциялық отырысын өткізді. Zoom бейнебайланыс режимі арқылы өткен іс-шараға 268 педагог қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар 2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері, төңкерілген сынып мөделін оқыту процесіне ендірудің әдістемелік ерекшеліктері мен тиімділігі, бастауыш білім беру сатысында функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары, шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру бойынша тәжірибе алмасты.