Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 12 қазан күні педагог-психологтардың шығармашылық зертханасы жобасы аясында «Білім беру ұйымдарында репродуктивті денсаулықтың алдын алу бойынша жүргізілетін әлеуметтік-психологиялық жұмыстардың маңыздылығы» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасайтын үздік педагог-психологтардың озық іс-тәжірибесі таратылды. Аталған іс-шараға 100 педагог қатысты.
Іс-шара мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бағыттары бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімді жолдарын қарастыру, озық идеялы тәжірибені тарату, әдістемелік көмек көрсету, өзара тәжірибе алмасу, жаңашыл бастамаларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Қордай ауданының педагог-психологтары Абуева Меруерт Серікбайқызы, Базарбаева Гулира Касымалиевна, Тұрғынбаева Зульфия Әбдімомынқызы және Бошаева Гүлзада Сәрсебайқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті.