Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 19 қазан күні Тараз қаласы, №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын дамытуда сюжеттік-рөлдік ойындардың рөлі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс-шараға мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен тәрбиешілері, барлығы 45 педагог қатысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бекітілгені, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттыру, стандарт талаптарын орындау, перспективалық жоспар мен циклограмманы құру, ата-аналармен жүргізілетін бірыңғай жұмыс жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тараз қаласы, №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасының педагогтері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.